✅ Егер жүкті әйел жұмыс істемесе және бірыңғай жиынтық төлемді (БЖТ) төлемесе, онда ол МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін азаматтардың жеңілдікті санатына кіре алады. Ол үшін тіркелген жері бойынша өз емханасына жүгініп, жүктілігі бойынша есепке тұруы қажет. Егер әйелдің МӘМС мәртебесі "сақтандырылмаған" болса, онда ол учаскелік дәрігер мен акушер арқылы есепке тұра алады
✳️ Босанғаннан кейін бұл әйел үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтіндер үшін басқа жеңілдікті санатқа кіреді және де мемлекет есебінен сақтандырылатын болады.