Қызылша – қоздырғышы вирус болып табылатын жұқпа. Ауру ауа – тамшы жолымен таралады. Клиникасының негізгі белгісі - денеде бөртпелердің пайда болуы.
Қызылшаның вирусы адам ағзасына тынысалу жолдары арқылы еңеді, көбейіп, қанға таралады. Қан арқылы әртүрлі ағза мүшелеріне тарап, тамақ безін, бауырды, өкпені, жілік майын зақымдайды.
Қызылша қалай көрінеді? Жіті респираторлық ауруларына ұқсайтын белгілерден басталады (дене қызуының көтерілуі, жөтел, мұрынның қабынуы, көздің жасаурауы). Бұл жағдай 2-3 күнге созылады, содан соң денеде анық қызыл бірігетін бөртпелер пайда болады, бастапқыда бетте, құлақтың артында, содан соң барлық денеге тарайды. Қызылшамен сырқаттанушы айналасындағылар үшін денесіне бөртпелер пайда болғанға дейін 4 күн, пайда болғаннан кейін 4 күн ішінде жұқпалы болып саналады .
Қызылшаның қаупі неде? Қызылша асқынуларымен қауіпті, олар – ортаңғы құлақтың, өкпенің, кеңірдектің, бронхының, ми қабықтарының қабынуы. Қызылша ауырған адамды мидың зақымдануынан өмірлік мүгедектікке, одан басқа соқырлыққа және кереңдікке әкеліп соғуы мүмкін .
Қызылшаны қалай емдейді? Қызылша қиын емделеді. Сырқатты емдеуге арнайы дәрі жоқ. Антибиотиктер тек қызылшадан асқынуларын емдеуге тағайындалады. Науқастарға дәрумендермен байытылған тағаммен тамақтану, мол су ішу қажет.
Қызылшадан қалай қорғануға болады? Қызылша сырқатынан ең сенімді қорғау тәсілі – ол вакциналау. Екпелер профилактикалық екпелердің Ұлттық күнтізбесіне сәйкес тегін жасалады.
Қызылшаға қарсы жоспарлы вакцинациялау баланың 12 айлық жасында және 6 жасында жасалады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев