↪️ Жұмыс берушілер – қызметкер жалақысының 3️⃣% төлейді
☝️ 25 500 теңгеден аспайды
↪️ Жалдамалы қызметкерлер жалақысының 2️⃣% төлейді
☝️ 17 000 теңгеден аспайды
❗️ салық салынатын ай сайынғы табыс 10 ЕТЖ (2024 жылы 850 000 теңге) аспауға тиіс
↪️ Дербес төлеушілер 1 ең төменгі жалақының 5%-ын төлейді, яғни 4️⃣ 2️⃣5️⃣0️⃣ теңге
↪️ Жеке кәсіпкерлер 1,4 еселенген ең төменгі жалақының 5% төлейді, яғни 5️⃣ 9️⃣5️⃣0️⃣ теңге.
❌️ 2024 жылдың қаңтарынан бастап БЖТ болмайды
⁉️ Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар келесі тәсілдермен сақтандырыла алады:
✔️ жеке кәсіпкер ретінде тіркелу және жарналарды жеке кәсіпкер ретінде төлеу;
✔️ жарналарды дербес төлеуші ретінде төлеу.
↪️ 2024 жылы Бірыңғай төлем мөлшерлемесі еңбекақы төлеу қорының 21,5% құрайды.
Бірыңғай төлем - жалақыдан ұсталатын 5 төлемді біріктіреді.
✔️ Міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ);
✔️ Әлеуметтік төлемдер (ӘТ);
✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жарналары (МӘМС);
✔️ Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) аударымдар;
✔️ Жеке табыс салығы (ЖТС).
☝️ Бірыңғай төлемді жеке кәсіпкер мен шағын және орта бизнес өкілдері, жеңілдетілген декларация бойынша немесе арнайы салық режимдерінде жұмыс істейтіндер (ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін) төлейді.
↪️ 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін жарналарды мемлекет төлейді.
✔️ 2024 жылы бір адамға айына 5852,63 теңге төленеді.