2024 жылдың 30-мамыры күні перинаталдық орталығында бас дәрігерлердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасарларының, жалпы практика дәрігерлерінің, емхана терапевтерінің қатысуымен кезекті Акушер-гинекологтар қоғамы өткізілді.Осы шара Балаларды қорғау күні қарсаңында өткізіліп, балаларды хромосомдық ауытқулардан қорғау, оларды инвазивті емес пренаталдық тест әдісімен диагностикалаусияқты сұрақтар қарастырылды.. Аталған ақпаратты «Олимп» зертханасының маманы Ж.Ж.Жакишева баяндады. Болашақ баланың денсаулығы анасының денсаулығына тікелей байланысты болғандықтан, бала туатын жастағы әйелдерді диспансерлеу, бақылау және сауықтыру бағыты ұсынылды, Маршрут Қ.Р.Д.С 2024 жылғы 22 мамырдағы № 327 бұйрығы негізінде № 5 емхананың әйелдер консультациясының меңгерушісі И.С.Шмаковамен таныстырылды.
Баланың денсаулығы босандыру әдісіне де байланысты болуы мүмкін, сондықтан «ХБЖ» КЕАҚ Павлодар факультетінің акушерлік/гинекология кафедрасы 3 жылдық оқу резиденттері кесар кескінінің жиілігін бағалау үшін Робсон жіктеуішін пайдалану, кесар кескіні операциясы арқылы туу бойынша өздерінің ғылыми жұмыстарын ұсынды.
А/Г кафедрасының ассистенті, м.ғ.м. Гасанова Э.З. репродуктивті органдардың патологиялық процестерін, атап айтқанда жатыр мойны онкопатологиясын уақтылы диагностикалау үшін акушер-гинеколог практикасында кольпоскопия бойынша хабарлама ұсынды.