контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Ұлттық конференция
19-06-2024 12:31

Медицина ұйымдарында инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі бағдарламаны дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Алғыс хатымен» № 1 Павлодар облыстық орталығының эпидемиолог дәрігері Оспанова Сәуле Кәрімқызы марапатталды. Алғыс хат пен бағалы сыйлықты ҚР Вице-министрі-Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.С.Есмағамбетова мен ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің басшысы доктор Скендер Сыла 2024 жылғы 13 маусымда Астана қаласындағы Инфекциялардың алдын алу және инфекциялық бақылау жөніндегі ұлттық конференциясында салтанатты түрде табыс етті.