Нәресте денсаулығының қалыптасуы мен нығайуында ана сүтімен емізудің маңыздылығын, сонымен қатар ана мен баланың денсаулығына ана сүтімен емізуді ұзағымен қолданудың оң әсер етуін түсіне отыра, және де Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі - ДДСҰ) және «Балаға деген мейірімді көзқарас ауруханасы»БҰҰ балалар қорының (бұдан әрі - ЮНИСЕФ) ғаламдық критерийлері мен бастамаларына сүйене отырып, Облыстық перинаталды орталығының (бұдан әрі – «№1ОПОП») ұжымы ана сүтімен емізу тәжірибесін қорғау, қолдау және насихаттау бойынша жұмысты үнемі негізде өткізеді.
Саясат мақсаты– «№1ОПОП» -да 90%-ға дейін тек қана ана сүтімен емізу пайызын арттыру жолымен нәрестелердің ауруы мен өлімін төмендету.
Міндеттері
1. Осы Саясаттың белгіленген ережелерін қатаң ұстану және «№1ОПОП» барлық медициналық персоналына, жүктілерге, ана сүтімен емізетін аналарға және олардың туыстарына үнемі жеткізу. «№1ОПОП» -ның барлық бөлімшелерінде орналастырумен Саясаттың екі тілде (қазақ, орыс) бар болуын қамтамасыз ету.
2. Ана сүтімен емізу бойынша 18 сағаттық оқу семинарын қамтамасыз ету жолымен (клиникалық тәжірибенің 3 сағатын қоса) ана сүтімен емізу тәжірибесінің негізгі ережелері мен дағдыларына медициналық персоналды оқыту, ал кіші медициналық және техникалық персонал арасында «ана сүтімен емізудің сәтті 10 қадамы» бойынша 3 сағаттық сабақтарды қамтамасыз ету. Семинарларды өткізу жиілігі – 6 айда 1 рет. Жұмысқа қабылдау кезінде персонал арасында кіріспе нұсқама өткізу.
3. Жүктілер және олардың жанұя мүшелері арасында ДДСҰ/ЮНИСЕФ ұсынған негізгі бекітілген тақырыптар тізіміне сәйкес топтық сабақтарды қамтамасыз ету жолымен ана сүтімен
емізудің артықшылықтары мен әдістері туралы сабақтар үнемі өткізу және қажеттілік жағдайда жеке кеңес беру/сабақтар өткізу.
4. Дені сау нәрестеге туғаннан кейін бірден гипотермияның профилактикасын, анасымен тері байланысы немесе «тері-теріге» байланысын қосатын негізгі күтім, бірінші сағат ішінде ана сүтімен емізуді ерте бастауын (сәбидің дайындық белгісі бар болған жағдайда) қамтамасыз ету. Жаңа туған нәрестені өлшеу, оны толық байқау және басқа ісшаралар босанғаннан кейін 2 сағаттан соң жүзеге асырылады, себебі осы кезең ішінде сәби анасының құрсағында жатып, ана сүтімен тамақтанады. Операция жасап босандыру жағдайында (кесарь тілігі) медициналық персонал тері байланысын қамтамасыз ету жолымен кем дегенде 30 минут бұрын, ананың немесе баланың ауыр халіне байланысты жағдайларды қоспағанда, анаға баланы бірінші рет кеудеге салуда практикалық көмек көрсетеді. Ананың халі бойынша баланы бірінші рет кеудеге салу мүмкін болмаған жағдайда нәресте әкесінің/серіктестің кеудесіне жатқызылады.
5. Босану үйінің медициналық персоналы әрбір әйелді босанғаннан кейін (6 сағат ішінде) бақылау және практикалық көмек көрсету жолымен ананың кеудесіне баланы дұрыс салу мен баланың орналасуы, техникасы және кеуде сүтін сауып алу жиілігі туралы хабардар етуге міндетті.
6. Медициналық көрсеткіштерге байланысты жағдайларды қоспағанда, нәрестелерге ана сүтінен басқа ешқандай тамақ/сусын бермеу (№1 қосымша).
7. Ана мен баланың бір палатада тәулік бойы бірге болуын қамтамасыз ету.
8. Кесте бойынша емес баланың бірінші талабы бойынша ана сүтімен емізу тәжірибесін насихаттауды және қолдауды жалғастыру.
9. Нәрестелерге ешқандай кеудеге еліктейтін жасанды құралдар немесе тыныштандыратындар бермеу, тамақтандырудың балама әдістерін қолдану (мысалы: мензурка, чашка, зонд, шприц).
10. Босану үйінің медициналық персоналы «Аналарды қолдау тобының» (бұдан әрі - АҚТ) жұмысын көтермелеуге, барлық әйелдерді шығу кезінде АҚТ іс-әрекеті, құрамы және олардың байланыстары туралы хабардар етуге міндетті, мақсаты - әйелдерге ана сүтімен емізудің ұзақтығын нығайтуда консультативтік көмек көрсету.
11. Үнемі негізде тыйым салынады:
- Ана сүтін алмастырушысын (бұдан әрі -АСА), бутылка, емізік өндірушілер/дистрибьютерлер өкілдеріне қызметкерлермен және «№1ОПОП» -нда жатқан ана сүтімен емізетін аналармен маркетинг кездесулерді өткізуге, сонымен қатар ақпараттық материалдарды таратуға;
- Аталған өнімдердің өндірушілерінен/дистрибьютерлерден АСА, бутылка, емізік сыйлық үлгілерін, әдебиетті таратуға;
- АСА қолдануда медициналық көрсеткіштерге байланысты жағдайларда, қайырымдылық немесе ақысыз сатып алу есебінен емес, оны өз жеке қаражат құралдары есебінен сатып алуды қамтамасыз ету;
Ана сүтін алмастырушы, емізік жарнамасына.