контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
ҚЫСТА ӨЗІҢДІ ЖАРАҚАТТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
01-12-2024 16:13
ҚЫСТА ӨЗІҢДІ ЖАРАҚАТТАН ҚАЛАЙ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?
  • Аяқ киімнің табаны «тегіс» немесе өкшесі төртбұрышты төмен болғаны дұрыс. Егер табаны сырғанамайтын ойлы-қырлы болып келсе тіпті жақсы.
  • Егер тепе-тендікті ұстай алмай жатсаңыз, соққы алуды азайту және қатты құламау үшін топталып отыруға тырысыңыз.
  • Мүмкіндігінше ақырын журген дұрыс.
  • Қадамды жылдамдатқан сайын құлау қаупі артатынын есте сақтаңыз.
  • Егер ұзын пальто немесе тон киіп жүрсеңіз, міндетті түрде етек жағын түріп алыңыз.
  • Құлаған кезде бүйіріңізге қарай құлау ең қауіпсізі, бұл сіздің жамбас, омыртқаңызды және аяқтарыңызды қорғауға көмектеседі.
  • Құлағаннан кейін алдымен басыңызды көтеріңіз, аяқ-қолдарыңызды қозғалтыңыз, өзіңізді сезінуге тырысыңыз. Ауырсыну сезімін сезбесеңіз ғана орныңыздан тұрыңыз.

ҚҰЛАҒАННАН КЕЙІНГІ ЕҢ ДҰРЫС ШЕШІМ – ТРАВМАТОЛОГИЯЛЫҚ ПУНКТКЕ БАРУ.