Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесі тәжірибесінде жас босанған әйелдерді сәбилерімен құттықтау қоғамдық маңызы бар әдемі дәстүрге айналды.
Бүгін жаңа жыл қарсаңында Аналар кеңесінің мүшелері дүниеге келген үшемдер мен егіздерді жарық дүниеге танытқан облыстық перинаталдық орталыққа барды. Бұл жағымды оқиға біздің аймақтың өміріндегі маңызды демографиялық жаңалық болды.
Павлодар облысы ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Б. Максилова мереке иелерін жылы лебізімен құттықтап, облыс Аналар кеңесі мен Павлодар ауданы Аналар кеңесінің атынан аналар мен сәбилерге естелік сыйлықтар табыстады, ал "НҰР-АНА әлемі" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Жүсіпбек Аймауытов атындағы музыкалық-драма театрының актрисасы Т. Атамбек шашу шашып, нәрестелерге арналған бесік жырын орындады.