контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Қабышева Гүлмира Зекенқызы-30 жыл акушер болып жұмыс істейді. Еңбегіңіз үшін рахмет!
07-03-2025 12:20
Қабышева Гүлмира Зекенқызы-30 жыл акушер болып жұмыс істейді. Еңбегіңіз үшін рахмет!
Ана үшін құрсағындағы сәбиін ама-есен жарық дүниеге әкеліп, қолына алып, құшырлана иіскегеннен асқан бақыт жоқ. Әр әйел осы бір әдемі шақты алаңсыз сезінуі үшін облыстық перинаталдық орталық мамандары барын салады. Олар үшін ана мен бала амандығы – аманат. Суреттегі сәби редакция үжымымен сұхбаттасудың алдында жарты сағат бұрын дүниеге келген болатын.
Облыстық перинаталдық орталығының аға акушер Гүлмира Қабышеваның ана мен бала әміріне жауаптаңғанына биыл- 30 жыл. Осы уақыт ішінде ол мыңдаған сәбідің дүніеге аман келуіне жәрдемдесіп, шыр еткен шақалақтарды анасаның баурына басқан Халықаралық әелдер күні қарсаңында тәжірибелі маманмен тілдесіп, әмірге перзент әкелу, ана атанудың қызығы мен қиындығы жайында әңгімелескен болатынбыз.
-Гүлмира Зекенқызы, қызметіңіз басталысымен бір әулеттің шежіресін жалғайтын ұл баланың аман-есен өмірге келуіне жәрдемдестіңіз. Күніне қанша сәбиді бауырыңызға басып, қыз-келіншектердің ана бақытына кенелуінің куәсі боласыз?
-Әйел бақытының ең ғажабы – бала сүйіп, ана атану. Жаратушы қыз-келіншектерге мейірім нұрына шомылып, еміреніп бала сүйіп, ана болу бақытын сезінуді маңдайына жазыпты. Өзінің жанынан жаралған бейкүнә тіршілік иесінің омырауына мұрнын тығып, алпыс екі тамырын идіріп, ет жүрегін елжіретуі – бақыттың төресі. Шақалақтың пысылдап, өне бойынан жұмақ иісі бұрқырап ұйқыға кеткен сәтін көру – жалғандағы теңдесі жоқ бекзат дүние дер едім. Міне, күн сайын осындай қуаныштың куәсі болып, ана мен баланың дін аман болуы үшін еңбек ету – зор жауапкершілік. Перинаталдық орталықта күн сайын 12-15 сәби өмір есігін ашады. Оның ішінде өзім тәулігіне 2-3 әйелдің аман-есен босануына жауапты боламын.