
КЕНЕ ЭНЦЕФАЛИТІ - ҚЫЗБАМЕН, ИНТОКСИКАЦИЯСЫМЕН ЖӘНЕ ОРТАЛЫҚ ЖҮЙКЕ ЖҮЙЕСІНІҢ ЗАҚЫМДАЛУЫМЕН СИПАТТАЛАТЫН ТАБИҒИ ОШАҚТЫ ЖҰҚПАЛЫ АУРУ
КЕНЕ ШАҚҚАН КЕЗДЕ:
- Кенені абайлап алу керек, себебі кенеде болатын қоздырғыштар зақымдалған тері арқылы ағзаға енуі мүмкін;
- Кенені бөлшектемей алу маңызды, теріде қалған кененің бөліктері қабыну мен ірің тудыруы мүмкін;
- Кенені алу үшін және кене шаққан соң иммуноглобулинді енгізу үшін міндетті түрде медициналық ұйымға жүгіну қажет. Иммуноглобулинді кене шаққан күннен бастап 3 күн ішінде алған жөн.