контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Өмірді салауатты бастау – баянды болашақтың кепілі
08-04-2025 07:43
Өмірді салауатты бастау – баянды болашақтың кепілі
Еліміздің медициналық ұйымдарында Дүниежүзілік денсаулық күні аясында ақпараттық-танымдық іс-шаралар, ашық есік күндері, әйелдерге тегін медициналық тексерулер мен кеңестер берілді. Акция №1 облыстық перинаталдық орталықтың қолдауымен өтті. Денсаулық күні орталық қызметкерлері мен науқастардың қатысуымен таңғы жаттығулардан басталды. Аналар мектебінде жүкті әйелдер мен олардың серіктестеріне жүктілікке дейінгі дайындық бойынша лекциялар мен сабақтар өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде материалдар жарияланды.
 
Сонымен қатар, Аналар мектебінде босану кезінде физикалық және психологиялық көмек көрсету тақырыбы жан-жақты талқыланды.
 
Аталған іс-шаралардың мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, отбасын жоспарлау, жасөспірімдер арасындағы жүктіліктің алдын алу, жүктілік пен босанудың асқынулары, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу, ұрпақты болу денсаулығын сақтау мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру. 2025 жыл «Салауатты өмірге қадам басуы – берекелі болашақ кепілі» деген ұранмен «Ана денсаулығы» жылы болып жарияланды.