
№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында перзентханаларда профилактикалық екпелерді жүргізу бойынша семинар өтті. Постнаталдық бөлімнің және неонатологиялық патология бөлімшесінің дәрігерлері мен медбикелері қатысты. Жиналғандар алдында Павлодар облыстық туберкулезге қарсы диспансердің фтизиатр-дәрігері Ольга Лукашенко мен перинаталдық орталықтың неонаталдық қызметінің меңгерушісі Жаңылай Қапанова сөз сөйледі.