
Орталық қызметкерлері қаланы абаттандыруға белсенді атсалысты. Дәрігерлер тырма, күрек, сыпырғыштарды алып, аумақты былтыр түскен жапырақтан, қураған шөптен және қоқыстан тазартты. Сенбілік бір күн бұрын басталып, бүгін орталық қызметкерлері бастаған ісін аяқтады.
- Бүкіл аумақ бөлімшелер арасында бөлінген, әркім өз жұмыс учаскесін біледі, - дейді орталықтың шаруашылық жөніндегі меңгерушісі Светлана Червева. – Бордюрлер сырланды, ағаштар әктеледі. Бүкіл аумақ қоқыстан тазартылды.
Облыстық перинаталдық орталықтың біріккен қызметтерінің инженері Анатолий Дворецкийдің айтуынша, «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС келісімі бойынша қоқыс полигонға шығарылуда. Тазалық кезінде жүк көлігі төрт рейс жасады.