
Жүзуден облыстағы медициналық ұйымдардың қызметкерлері арасында өткен кешенді спартакиадада директор Гүлнар Бұратаеваның бастаған орталықтың медицина қызметкерлерінің командасы жеңісті өнер көрсетті. Перинаталдық орталықтың жүзушілері әйелдер мен ерлер арасындағы жарыста бірінші орынды иеленді. Орталық намысын №1 облыстық перинаталдық орталықтың директоры Гүлнәр Бұратаева, директордың медициналық көмек көрсету жөніндегі орынбасары Инна Высоцкая, неонаталдық қызметтің меңгерушісі Жаңылай Қапанова, жансақтау бөлімінің анестезиолог дәрігері Ақтан Шылтынаев және әкімшілік-шаруашылық бөлімшесінің оттегі маманы Ержан Қалиев қорғады.