
Павлодар облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері облыстың медициналық ұйымдары арасында шахматтан жарысқа қатысты. Біздің дәрігерлер, босану бөлімшесінің акушеркасы Фариза Сембева мен ересектер реанимация бөлімінің анестезиолог дәрігері Ақтан Шалтынаев 11 команда арасында төртінші орынды иеленді. Ересектер жансақтау бөлімінің анестезиолог дәрігері Ақтан Шалтынаев жекелей сында үшінші орын алды.