
Кураторлық жұмыстар аясында №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының дәрігерлері Шврбақты ауданында болды. Дәрігерлер әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге стационарлық көмек көрсету сапасымен, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің практикалық және ұйымдастырушылық көмек көрсетудегі білімі мен дағдыларымен танысты. Дәрігерлер аудандық ауруханалардың бөлімшелерінде турлар өткізіп, босануды басқару, жаңа туған нәрестелерді күту және пациенттерге кеңес беру тәжірибесін бақылап, физиологиялық және патологиялық босануды, жаңа туған нәрестелерге қатысты неонаталдық практиканы жүргізу сапасын бағалау үшін бастапқы медициналық құжаттарды талдап, дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің білім деңгейін және тәжірибелік дағдыларын бағалады. 23 сәуірде кураторлар Май ауданына барады. Оған дейін перинаталдық орталық дәрігерлері Железин және Ертіс аудандарында болды.