
№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында «Бір күндік емхана» жұмыс істейді. Толық скринингтік тексеру бірнеше сағатта жүзеге асады. Қызметтер тізіміне ультрадыбыстық, биохимиялық скрининг, генетик пен гинекологтың кеңесі кіреді. Емханада қажет болған жағдайда аналар инвазивті әдістерді қолдану арқылы перинаталдық диагностикадан өтеді. Жоба жүкті әйелдерге медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мақсатында жасалған. Мамандар патологияны мүмкіндігінше ерте анықтауға және қымбат уақытты алуға мүмкіндік беретін заманауи жабдықты пайдаланады.