
Халықаралық медбикелер күнінде Павлодар жоғары медициналық колледжі осы қиын да маңызды мамандықтың үздік өкілдерін марапаттады. Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шәметеков медицина қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, еңбектеріне табыс, зор денсаулық, отбасыларына амандық тіледі. Осы атаулы күні №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының медбикесі Любовь Солдатова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Алғыс хатына ие болды. Любовь Викторовнаға көп жылғы жемісті еңбегі мен еліміздің денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтылды.
Сондай-ақ, №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында 5 мамырда кәсіби мерекесі аталып өткен акушерлердің, сондай-ақ медбикелердің де еңбегі еленді. Жылы лебізін орталық директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Инесса Высоцкая білдірді. Әріптестеріне зор денсаулық, бақыт, жұмыстарына табыс тіледі. Инесса Валерьевна қызметкерлерге сыйлық сертификаттарын табыс етті.