
Павлодар облысыныңәкімдігі Павлодар облысыденсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «№ 1Павлодар облыстық перинаталдық орталығы КМК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтің (СЖҚКҚ) 2025 жылға арналған ЖОСПАР
р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Орындау мерзімі |
Жауапты орындаушылар |
Аяқтау нысаны |
1 |
Жұмысқа қабылдау кезінде Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасын сақтау |
тұрақты |
заңгер |
ҚР еңбек заңнамасына сәйкес құжаттардың болуы |
2 |
Медициналық мекеменің ресми сайтының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету. Мемлекеттік сатып алу, өткізілетін конкурстар туралы ақпаратты уақтылы жаңарту |
тоқсан сайын |
баспасөз хатшысы |
сайт материалдары |
3 |
Қоғамда сыбайлас жемқорлық мінез-құлқына төзбеушілікті қалыптастыру. Қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған оқыту семинарларын, дәрістер өткізу |
жарты жылда бір рет |
комплаенс-қызметке жауапты |
хаттама, қатысушылардың тізімі |
4 |
Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз ету. Оларды қарау кезінде қағазбастылыққа жол бермеу жөніндегі бақылау |
ай сайын |
директордың орынбасары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі |
өтініш берушіге жауап |
5 |
Сенім телефонының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Азаматтарға жедел ақпарат беру |
тұрақты |
директордың орынбасары, құрылымдық бөлімшелердің басшылары, пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі |
қоңырауларды қабылдауды тіркеу |
6 |
Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу бойынша перинаталдық орталықта өткізілетін іс-шаралар туралы тақырыптық материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау (радио, теледидар, ашық есік күні, пациенттермен әңгімелесу) |
тоқсан сайын |
Комплаенс-қызметке жауапты, баспасөз хатшысы |
эфирлік анықтама, фото, видео |
7 |
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер бойынша қабылдау |
тұрақты |
директордың орынбасары, пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі |
тіркеу журналы, азаматтар мен қызметкерлерді қабылдау кестесі |
8 |
Қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін ұзақ, мінсіз және тиімді орындауы оны жоғары тұрған лауазымға тағайындау кезінде немесе оны көтермелеу кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс қағиданы кадр жұмысы практикасына енгізу(үкіметтік, ведомстволық наградалармен) |
қажеттілігіне қарай |
комиссия, комплаенс-қызметке жауапты |
Протоколдар |
9 |
Табыстары, шығыстары, мүлкі мен міндеттемелері туралы мәліметтер бермегені не көрінеу жалған немесе толық емес мәліметтер бергені үшін атқарып отырған лауазымынан босату немесе өзге де заңдық жауапкершілік шараларын қолдану үшін негіздер белгілеу |
тоқсан сайын |
заңгер, комплаенс-қызметке жауапты |
Анықтамалар, хабарламалар |
10 |
Медицина қызметкерлерінің пациенттер тарапынан материалдық сыйақы алу фактілеріне жол бермеу |
тұрақты |
комплаенс-қызметке жауапты |
өтініштер, шағымдар |
11 |
Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің жариялылық және ашықтық деңгейін арттыруға бағытталған қажетті шараларды қамтамасыз ету, бюджет қаражатын ұтымды жұмсау бойынша шаралар қабылдау |
қажеттілігіне қарай |
комплаенс-қызметке жауапты |
Шарттар |