
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы күні кеше дүниеге келген сәбилер мен олардың аналарын құттықтады.
Кеше Павлодардағы №1 перинаталдық орталықта бірден 14 сәби дүниеге келді. Ведомство басшысы Иран Шәметеков аналармен кездесті. Бас дәрігер аналар мен балаларды келе жатқан Балаларды қорғау күнімен құттықтады.
– Мен бүгін осында болғаныма, осындай тамаша шараға қатысқаныма өте қуаныштымын, сіздерді құттықтаймын. Ең алдымен деніңізге саулық тілеймін, балаларыңыз қуанышқа кенеліп, үмітіңізді ақтасын. Балалардың дені сау, қайратты болып өсуіне тілектеспін, – деді Иран Шәметеков.
Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы медицина қауымы мен перинаталдық орталық атынан аналарға естелік сыйлықтар табыс етті.
Кездесу барысында Иран Шәметеков перинаталдық орталықтың жұмысымен де танысты. Орталық директоры Гүлнар Бұратаева оның қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, тараптар медициналық мекеменің одан әрі даму перспективаларын талқылады.