
Жаңа туған павлодарлық сәбилерге Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің сыйлықтары табыс етілді. 23 маусым бүкіл әлемде Халықаралық Олимпиада күні ретінде аталып өтеді. Осыған орай, №1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығында ҚР ҰОК атынан жаңа туған сәбилерге сыйлықтар табыс етілді. Барлық бастамалар спортты насихаттауға, белсенді өмір салтын қалыптастыруға және олимпиадалық құндылықтарды енгізуге бағытталды. «Олимпиада күні туылғандар» атты дәстүрлі акцияны Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитеті жыл сайын өткізеді және барлық өңірлерді қамтиды. Арнайы сыйлық жинақтарын біздің спортшылар мұқият жинайды.