
Астана күні мен Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Бақытжамал Максилова төрағалық ететін облыстық аналар кеңесі перинаталды орталықта болды. Қонақтарды орталық директоры Гүлнар Бұратаева мен директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Инесса Высоцкая қарсы алды.
Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділері дәрігерлердің еңбегін жоғары бағалап, оларға ақ орамал тарту етті. Орталық директоры аналар кеңесіне құттықтаулары мен медицина қызметкерлерінің жұмысына көңіл бөлгені үшін алғысын білдірді.
«Біздің сәбилерді осындай айтулы мерекелерімен құттықтап жатқандарыңызға рахмет», - деді Гүлнәр Бұратаева. «Осылай отырып, сіз жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеуге зор үлес қосып келесіз.
Жаңа туған сәбилерге этномәдени бірлестіктердің өкілдері домбыра тарту етті.
Дариға Қайыргелдинова бір күн бұрын ұлды болды.
– Менің күйеуім Мәшһүр Жүсіптің шөбересі, домбыраны тамаша тартады, сыйлығыңа рахмет, – деді Дариға. - Бұл өте күтпеген және жағымды. Аналар кеңесіне рахмет, немере-шөберелері көп болсын.
Қоғамдық бірлестіктің төрайымы Бақытжамал Максилованың айтуынша, ҚХА белсенділері бұл күні дүниеге келген балаларға қамқорлық жасайды. Келер жылы аналар кеңесі осында қайта оралып, жаңа туған нәрестелерді құттықтап, бір жасқа толған балаларға арналған «тұсау кесу» рәсімін өткізеді.