контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Павлодарлық дәрігерлер қостанайлық әріптестерімен тәжірибе бөлісуде
15-08-2025 12:36
Павлодарлық дәрігерлер қостанайлық әріптестерімен тәжірибе бөлісуде

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің еліміздің жетекші перинаталдық орталықтары арасында тәжірибе алмасу туралы бұйрығын орындау аясында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Борис Әутенов бастаған Қостанай облыстық көпсалалы ауруханасының өкілдері Павлодар перинаталдық орталығына жауап сапармен келді. 2025 жылдың сәуір айында павлодарлық делегация Қостанай облыстық ауруханасында болып, құнды тәжірибемен және қажетті дағдылармен бөлісті. Перинаталды орталықтың директоры Гүлнар Бұратаеваның атап өткеніндей, бұл сапарда павлодарлық дәрігерлер қостанайлық әріптестеріне теориялық тұрғыдан жеткізгендерінің барлығын іс жүзінде көрсететін болады. Борис Әутенов персоналдың жоғары кәсіби деңгейін және перинаталдық орталықтың материалдық-техникалық жабдықталуын атап өтті. Қостанайлық әртүрлі профильдегі мамандар орталықтың құрылымымен танысып, қонақтарға ПППО барлық қызметтерінің жұмысы анық көрсетілді.