
Павлодар облыстық перинаталдық орталығында орталық директорының орынбасары Инесса Высоцкаяның қатысуымен медицина қызметкерлерінің кездесуі өтті. Дәрігерлер ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру, еңбек құндылықтарын насихаттау, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлерінің ұлт денсаулығын сақтауға, дәрігерлердің, әсіресе өскелең ұрпақтың имиджін арттыруға қосқан үлесін талқылады. Қатысушылар өзара пікір алмасып, ұсыныстарын айтты.