
Жүкті және бала емізетін аналар тұмаумен ауырған кезде асқынулар қаупі жоғары топқа жатады. Өйткені бұл кезеңде иммунитет әлсіреп, әйелдің де, баланың да денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.
Неліктен екпе алу маңызды?
• Екпе ауыр түрінде өту ықтималдығын азайтады.
• Жүкті әйелде қалыптасқан иммунитет ішінара нәрестеге беріледі.
• Бала емізетін ананың екпесі сүт арқылы сәбиін де қорғайды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тұмауға қарсы екпені ұсынады. Ол тек инактивтелген, яғни құрамында тірі вирус жоқ қауіпсіз вакцинамен жүргізіледі.
Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап тұмауға қарсы екпе науқаны басталады. Вакцинаны тұрғылықты жеріңіздегі емханалардан тегін алуға болады.