
Павлодар облыстық перинаталдық орталығында өткен жоспарлы кеңесте орталық директоры, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Гүлнар Бұратаева 2025 жылдың сегіз айындағы босандыру қызметінің жұмыс қорытындысы бойынша аналитикалық есеп ұсынды.
Баяндамада негізгі көрсеткіштер қаралды: бала туу жасындағы әйелдердің денсаулығы, нәрестелердің жағдайы, жүктіліктің аяқталу нәтижелері. Ерекше көңіл бөлінген мәселе — анықталған жіберілген мүмкіндіктер мен нәтижеге әсер ететін факторлар.
Талдау қорытындысы бойынша алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды. Негізгі назар қызмет сапасын арттыруға және ана мен бала денсаулығын нығайтуға бағытталған барлық медициналық қызметтердің тиімді өзара іс-қимылына аударылды.