Неонатолог-реаниматолог Дмитрий Александрович Пильцов оқу іссапарымен Екатеринбург қалалық клиникалық перинаталдық орталығында болды. Іссапар барысында әріптестерінің тәжірибесімен танысып, неонаталдық көмекті ұйымдастыру жүйесін зерттеді және орталық дәрігерлерімен кәсіби тәжірибе алмасты. Қайтып келген соң Дмитрий Александрович әріптестеріне баяндама жасап, алған материалдарымен бөлісіп, Екатеринбург орталығында қолданылатын тиімді шешімдер туралы айтты.
Мұндай сапарлар кәсіби көкжиекті кеңейтеді және үздік тәжірибелерді өз орталығымыздың жұмысына енгізуге мүмкіндік береді.

@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя