Павлодар қаласында облыстық перинаталдық орталық жанынан пансионат өз жұмысын бастады. Жаңа бөлімше алғашқы пациенттерді қабылдап, жүкті әйелдерге қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасауға бағытталған.
Қазіргі уақытта пансионатта екі жүкті әйел орналасқан. Мекеме әкімшілігінің мәліметінше, пациенттер тұру жағдайына, күтімнің ұйымдастырылуына және медицина қызметкерлерінің ықыласына оң баға берген.
Пансионат жүктілік кезеңінде мамандардың тұрақты бақылауын қажет ететін болашақ аналарға қолдау көрсету мақсатында ашылды. Мұнда тұруға арналған жағдайлар, медициналық бақылау және бейінді дәрігерлердің сүйемелдеуі қарастырылған.
Облыстық перинаталдық орталықта пансионат жұмысы кезең-кезеңімен дамытылатынын атап өтті. Алдағы уақытта болашақ аналарға көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру жоспарланып отыр.



@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя