контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Перинаталдық орталық дәрігерлері әріптесін құрметті демалысқа шығарып салды
16-03-2026 09:03
Перинаталдық орталық дәрігерлері әріптесін құрметті демалысқа шығарып салды
Павлодар облыстық перинаталдық орталығының ұжымы неонатолог Татьяна Николаевна Другованы құрметті зейнет демалысына шығарып салды.
 
Ол 33 жылдан астам уақытын орталықта қызмет етуге арнап, жаңа туған сәбилердің денсаулығын қорғауға зор үлес қосты. Ұзақ жылдар бойы облыстың неонатология қызметін басқарып, облыстың бас неонатологы болды.
 
Сондай-ақ жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесін ұзақ уақыт басқарды және босанғаннан кейінгі бөлімшеде неонатолог болып еңбек етті.
 
Орталық ұжымы Татьяна Николаевнаға көпжылдық адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және өз мамандығына деген адалдығы үшін шынайы алғыс білдірді.
Оған зор денсаулық, амандық және ұзақ ғұмыр тілейміз.