Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Павлодар облыстық перинаталдық орталығында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Baby Mall PVL дүкенінің негізін қалаушы Татьяна Кайль мереке қарсаңында және Балаларды қорғау күні дүниеге келген сәбилердің аналарын құттықтады.
Татьяна Кайль нәрестелерге зор денсаулық, бақытты балалық шақ тілеп, олардың болашақта Қазақстан Республикасының лайықты азаматтары болып өсуіне тілектестік білдірді. Ал жас аналарға тезірек сауығып, отбасы амандығы мен бақ-береке тіледі.
Акция аясында отбасыларға жаңа туған нәрестелерге арналған қажетті киім-кешек пен сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, мұндай қайырымдылық шаралары тұрақты түрде өткізіліп келеді. Татьяна Кайль жас отбасыларды қолдауға бағытталған әлеуметтік бастамаларға әрдайым белсенді қатысып, игі істердің ұйытқысы болып жүр.
Павлодар облыстық перинаталдық орталығының әкімшілігі Татьяна Кайльге көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы үшін алғыс білдіреді.


@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя