Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты марапаттау рәсімінен кейін Павлодар облыстық №1 перинаталдық орталығында жоғары марапатқа ие болған қызметкерлермен кездесу өтті.
Орталық директоры Гүлнар Буратаева әріптестерін лайықты марапаттарымен құттықтап, бұл марапаттардың олардың күнделікті еңбегі, кәсіби біліктілігі мен мамандыққа деген адалдығына берілген жоғары баға екенін атап өтті.
Ол дәрігерлерге тынымсыз еңбегі, жоғары жауапкершілігі, жанашырлығы және ана мен нәресте денсаулығын қорғауға қосып жүрген өлшеусіз үлесі үшін шынайы алғысын білдірді.
«Бұл марапаттар – сіздердің жеке жетістіктеріңіз ғана емес, бүкіл ұжымның кәсіби еңбегіне берілген жоғары баға. Сіздердің білімдеріңіз бен тәжірибелеріңіздің арқасында біздің орталық өңірдегі жетекші медициналық ұйымдардың бірі ретінде өз мәртебесін нығайтып келеді. Біз заманауи технологияларды енгізіп, ана өлімінің нөлдік көрсеткішін сақтап, ең күрделі жағдайларда да сапалы медициналық көмек көрсетуді жалғастырып келеміз», – деді Гүлнар Буратаева.
Еске салсақ, мерекеге орай акушер-гинеколог Ирина Красильникова «Өмір сыйлайтын алтын қолдар» номинациясының иегері атанды. Неонатолог дәрігер Светлана Лепехова көп жылғы адал еңбегі мен мамандығына деген беріктігі үшін марапатталса, неонатолог дәрігер Дмитрий Пильцов Павлодар облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.
Орталық ұжымының айтуынша, бұл марапаттар жекелеген мамандардың ғана емес, ана мен бала денсаулығын қорғау жолында аянбай еңбек етіп жүрген бүкіл ұжымның кәсіби жетістіктерінің лайықты бағасы болып табылады.





@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя