
ҚР ДЕНСАУЛЫК САКТАУ МИНИСТРЛІГІ
СУЙЕК КЕМІГІ ЖАСУШАЛАРЫНЫҢ ДОНОРЫ БОЛУ МУМКІНДІГІ ТУРАЛЫ АЙТТЫ
05.02.2025 жылы Денсаулық сақтау министрлігінде «Әрбір қан тамшысындағы өмір» акциясы аясында трансфузиолог және онкогематолог дәрігерлердің қатысуымен отандық cүйек кемігі институты дамыту және суйек кемігі жасушаларының донорлығы үшін еріктілерден каң жинау тақырыбында дәріс өтті.
Дүниежузілік балалардың қатерлі ісігімен күрес күні қарсаңында
Қазақстанда сүйек кемігінің донорлығын насихаттауға
бағытталған ауқамды ақпараттық науқан басталды.
Бастаманың мақсаты- қоғамның назарын суйек кемігінің донорлығын
дамытуға және онкогематологиялық аурулары бар науқастардың өмірін
сақтауға аудару.
«Қазақстанда қанның қатерлі ісігімен ауыратын 8 мыңнан астам науқас
тіркелген. Мұның үстіне жыл сайын 1500-ге жуык, науқас тіркеледі. Оның
600-і балалар. Олардың көпшілігі үшін сауығудың жалғыз үміті сүйек
кемігін трансплантациялау. Бірақ бір-бірімен туыс емес донорлар мен реципиенттер арасындағы үйлесімділік ықтималдығы 10 000
жағдайдың ішінде 1-еу ғана болып oтыр . Сондықтан қан аурулары бар
онкологиялық науқастарды сәтті емдеу үшін қазақстандық реестрден
туыссыз донорларды іздеу мүмкіндіктерін кеңейту қажет», — деп
атапөтті ҚР Денсаулықсақтауминистрлігі Ана мен бала
денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова.