Медициналық авиация қызметкері Павлодар облысының үздік фельдшері атанды
Әлия Махамбетова медицина қызметкерлері арасындағы аймақтық кәсіби шеберлік байқауы аясында «Үздік фельдшер» номинациясын жеңіп алды.
Байқау жеңімпаздарын халықаралық медбикелер күні қарсаңында құттықтады. Әріптестерін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситказинов құттықтады. Ол барлық медбикелер мен медағаларды еңбегі үшін алғыс айтып, оларға сәттілік тіледі.
10 номинацияның әрқайсысында кубок пен диплом табыс етілді. Биылғы жылы Павлодар облысының үздік фельдшері болып облыстық жедел жәрдем станциясының құрамына кіретін медициналық авиация қызметкері Әлия Махамбетова танылды. Ол медициналық авиация штатында алты жылдан бері жұмыс істеп келеді және қозғалыс кезінде санитарлық көліктерге тапсырыс беру және бақылау үшін жауап береді.
- Аға фельдшердің міндеттеріне медициналық авиация бригадасының құрамындағы шығулар мен ұшулар да кіреді, яғни ол пациенттерді тасымалдауға қатысады, - дейді 103 қызметінің бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко. - Сонымен қатар, ол жаңадан қабылданған жедел жәрдем қызметкерлеріне оқыту жүргізеді. Жас фельдшерлердің өз ісін түсінетін тәжірибелі тәлімгері болуы өте маңызды. Әлия дәл осындай маман.
Бүгінде Павлодар облысының медициналық авиация құрамында 100-ден астам қызметкер еңбек етеді. Бұл 66 дәрігер, 36 медбике және 5 фельдшер.
Облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі