контакт: 8/7182/209910 priem_ord@mail.ru
адрес: Павлодар қ., көшесі Генерал Дүйсенов, 4/2
Әдеп кодексі

                                          

 

                                                                                                         ШЖҚ «№1ПОПО» КМК-ның                                                                                                                   медициналық кеңесінің 2024

жылғы                                                                                                                     25 қаңтардағы шешімімен бекітілді

 

 

ШЖҚ«Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК-ң           әдеп кодексі

 

Кіріспе:

 

         Медицина қызметкерлерінің кәсіби әдеп кодексі (бұдан әрі кодекс) медицина қызметкерлерінің қызметті жүзеге асырған кездегі мінез-құлық қағидаттарының және әдеп ережелерінің жиынтығын белгілейтін құжат болып табылады.

         Осы Кодекс медицина қызметкері, қоғам және пациент арасындағы қарым-қатынасты белгілейді, жалпы жеке тұлғаның және қоғам құқықтарын, намысын, денсаулығын қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің өзінің қызметі үшін қоғам алдындағы жоғары моральдік жауапкершілігін белгілейді.                                                                                           Осы Кодекста аталған медицина қызметкерлері жоғары және (немесе) орташа медициналық білімі бар мамандар болып табылады.                              Адамның өмірі мен денсаулығы – басты, басты ірге тасты құндылықтар. Медицина қызметкерінің қызметі оларды басталу кезінен бастап сақтауға бағытталған, оның тұлғасына, серіктетігі және тілектестігіне, ізгіниетшілдігіне, қайырымдылық пен мейірімділігіне, шыдамдылығына, өзара сенімділігіне, инабаттылық пен әділеттілігіне құрмет көрсету.                     Бұл Кодекс медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінде қолдануға арналған, олардың кәсіби қызметі адамның перинатлдық және наталдықтан кейінгі өмірін және денсаулығын, оның тууы мен қайтыс болуын қамтиды.

 

1-бөлім

 

Міндеті:

Қоғам алдындағы  әлеуметтік жауапкершілікті түсіне тұра, саналы, қауіпсіз, перинаталдық көмек көрсету – біздің борышымыз.   

Мақсаты:

Қауіпсіз аналық, өмірдің сау басталуы, тек қана тірі ғана емес, сонымен қатар бірге сау баланың дүниеге келуі, перинатлдық кезеңде басқарылатын тәекел факторларын алдын ала көру және олардың қауіп –қатеріне ең аз мөлшерге келтіру.                      Ұйымның құндылықтар жүйесі  

  • Пациент – басты назарда
  • Қауіпсіздік
  • Жауапкершілік
  • Алқаластық

 

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

 

  • Айқындық
  • Кәсіпқорлық

 

Пациент-басты назарда– жоғары сапалы қызмет ұсыну үшін әрбір жеке пациенттің қажеттіліктерін бағалау. Пациенттің адамгершілігі мен жеке тұлғасын құрметтеу.

Пациенттің қауіпсіздігі – сапалы перинаталдық көмектің маңызды құрамы. Оның мақсаты ем кезінде пациентке келтірілген зиянды  барынша азайту болып табылады. ДЖДҰ медициналық көмек сапасын дәреже ретінде белгілейді, дәрежеге жеке адамдар қауымдастарға медициналық қызметтер денсаулыққа қатысты қажетті шығындарды ұлғайтады және ағымдағы кәсіби білімдерге сәйкес келеді.          

Жауапкершілік – жарияланған қағидаттарменжоғары стандарттардың жолын қуушылық, пациенттер мен ұжымға бірдей қарым-қатынас сияқты сенімділіктің және тәртіптің жоғары деңгейін көрсету.  

Алқаластық – үнемі өзіндік талдау және ынтымақтастық, сондай-ақжауапкершіліктіңжәне жұмыс көлемінің тепе-теңдігі негізінде жүйені құру.

Айқындық – жеке және ұжымдық іс-әрекеттерде адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау.  

Кәсіпқорлық – жоғары нәтижелергежету үшін үнемі даму мен оқу негізінде пациент пен ұжым игіліктеріне өзінің барлық жақсы білімдерін бағыттау.

 

2-бөлім

 

     Қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және орталық қызметшілерінің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.

     Қоғам орталық қызметшісі өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.                                                                                                          Өзінің қызметінде ШЖҚ«Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК-ң медицина қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамаларын, азаматтардың денсаулықты қорғауға және медициналық көмекке деген құқықтары бөлігіндегі  заңнамаларды, дәрігер антын, гуманизм және адамгершілік қағидаттарын басшылыққа алады.

Орталықтың қызметкерлері өздерінің қызметтерінде:

  • Сапалы және қауіпсіз медициналық көмекті қолданыстағы ресурстар шегінде өзінің біліктілігіне, лауазымдық нұсқаулығына және қызметтік міндеттемелеріне сәйкес қамтамасыз ету үшін жауапкершілікті, соның ішінде моральдік жауапкершілікті алып жүру тиіс;

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

 

  • Жынысына, жасына, нәсілдік және ұлттық тәнділігіне, діндік және саясаттық пікірлерге, оның әлеуметтік мәртебесіне, сондай-ақ басқа да медициналық емес факторларға қарамастан, қандай да болмасын адамға медициналық көмек көрсетуге тиіс;
  • Үнемі өздерінің кәсіби білімдері мен ептіліктерін, дағдылары мен білімпаздықтарын жетілдіруге тиіс.
  • Медициналық бірлестік құрамының тазалығын сақтауға, әріптестердің қателіктерін қалай болса, өзінің жеке қателіктерін де адал талдауға тиіс; 
  • Абыройсыз және біліксіз әріптестердің, сондай-ақ пациенттердің денсаулықтарына зиян келтіретін әртүрлі кәсіпқой емес қатарлардың тәрбиесіне кедергі жасауға тиіс,
  • Өздерінің іс-әрекеттерімен ШЖҚ «ПОПО» КМК-ң абыройын нығайтуға, оның мүдделерін қоғауға, орталық қызметкерлерінің беделдерін түсіру қызметтерін болдырмауға тиіс;
  • Пациенттердің құқықтарын сақтауды және қорғауды, еркіндіктері мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге тиіс;
  • Орталық қызметкерлерінің бірлігін және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге тиіс,
  • Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтауға, өзінің қызметтік міндеттемелерін адал, әділ және сапалы орындауға сапалы өзінің жұмыс уақытын тиімді пайдалануға тиіс;
  • Жоғары кәсіптік жұмыс үшін бар күш-жігерді салуға, қойылған міндетті шешеу үшін оңтайлы және үнемділік амал-тәсілдерді қолдануға, сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікке ұқыпты қарауға тиіс;
  • Өзінің іске деген қарым-қатынасымен және жеке мінез-құлығымен ұжымда тұрақты және позитивті моральдік психологиялық ахуалды құруға әсер етуге тиіс;
  • Қызметтік міндеттемелерді атқару кезінде киім үлгісінде іскерлік стильді ұстауға тиіс;
  • Медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлін ескере отырып, ол қоғамдық іс-шараларды, әсіресе, салауатты өмір салты насихатталатын іс-шараларды қолдауға және күш жетерлік қатысуы керек;
  • Егер медицина қыхзметкері қателік жасаса немесе оның қызметі нәтижесінде күтпеген жағдайлар туындаса, онда ол науқасты, аға әріптесін немесе бөлімше басшысына хабарадар етуге міндетті, ал олар болмаған жағдайда өзі жұмыс істейтін мекеменің әкімшілігін хабардар етуі керек және тез арада нұсқаулықтарды күтпей-ақ, жағымсыз салдарды түзету үшін өзінің іс-әрекетін бағыттауы керек. Қажет болған жағдайда басқа да мамандарды тарту қажет, оларды қателік мәні немесе туындаған асқынушылықтар туралы шын ақпараттандыру керек;

 

 

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

  • Жіберілген қателіктерді мұқият талдауы және басқа дәрігерлердің клиникалық тәжірибелерінде ұқсас жағдайлардың алдын алу мақсатында оларды әріптестермен және басшылықпен талқылауы керек;
  • Медицина қызметкерлері қызметтік міндеттемелерді орындаған кезде сабырлылықты сақтауы керек және әуес құмарлықты тудыратын қандайда болмасын заттардың әсерінде болмауы керек;
  • Басқа қызметкерлер тарапынан қызметтік әдептің  ережелерін бұзу фактілеріне жол бермеуге және тоқтатуға тиіс,
  • Қызметтік ақпаратты пайдақорлықпен пайдалануға жол бермеуге тиіс;
  • Медицина қызметкері пациентті дәлелсіз қауіп-қатерге төндірмеуі, сондай-ақ өзінің білімін ізгіліксіз мақсаттарда қолданбауы керек. Дәрігер қандай да болмасын емнің әдісін таңдаған кезде  "Non nocere" парыз басшылыққа алуы керек;
  • Науқас жағдайын ауырлатпайтын шараларды қабылдауға міндетті қауырт көмек жағдайларын қоспағанда, дәрігер егер де пациент пен оның арасында қажетті өзара сенімділіктің болмауына сенімді болса, егер де өзін жеткіліксіз құзыретті не болмаса емді жүргізу үшін қажетті мүмкіншіліктерінің болмауын сезсе, онда науқасты емдеуден бас тартуға құқылы. Осы және ұқсас жағдайларды дәрігер тиісті денсаулық сақтауы органын хабардар етуге және науқасқа құзыретті маманды ұсынуға тиісті.
  • Дәрігер пациенттің дәрігерді таңдау және емдік-профилактикалық шараларды жүргізу туралы шешімдерді қабылдаға қатысу құқығын  құрметтеуі керек. Дәрігер пациенттің ерікті келісімін әдетте науқаспен жеке әңгімелесу кезінде алады. Бұл келісім саналы болуы керек, науқас міндетті түрде емдеу әдістері туралы, оларды қолдану салдары туралы, мүмкін болатын асқынулар, басқа емнің баламалы әдістері туралы хабардар болуы керек. Пациенттің келісімінсіз емдік-диагностикалық іс-шарларға тек пациенттің өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайларда және оның жағдайы дұрыс бағалай алмау қабілеттілігі болмаған жағдай да ғана рұқсат етіледі. Дұрысы ұқсас жағдайларда шешімді ұжыммен бірге қабылдау. Дәрігер психикалық аурулармен ауыратын тұлғаларды емдеген кезде ҚР Заңын басшылыққа алуы керек.
  • Дәрігер баланы емдеген кезде оның ата-анасына және қамқоршыларына толық ақпаратты ұсынуы керек, емнің қандай да бір әдісін немесе дәрілік заттарды қолдануға олардың келісімін алуы керек.
  • Өтініштерді қарау кезінде төрешілдік көріністеріне және төрешілдік былықтарға жол бермеу керек, олар бойынша қажетті шараларды белгіленген мерзімде қабылдауы керек;
  • Өзінің іс-әрекеттерімен және шешімдерімен қоғам тарапынан дәлелді сынға себеп бермеуі керек, сын соңын қудалауға жол бермеуі керек, оған шыдамдылық танытуы керек, жетіспеушіліктерді жою және өзінің кәсіби қызметін жақсарту үшін сындарлы сынды пайдалануы керек.

 

Медицина қызметкерінің жол бергісіз іс-әрекеттері

 

Медицина қызметкері:

  • Өзінің білімі мен мүмкіншіліктерін ізгіліксіз мақсаттарға қолдануға;
  • Жеткілікті дәлелдемелерсіз медициналық шараларды қабылдауға немесе олардан бас тартуға;
  • Пациентке медициналық әсер ету әдістерін оны жазалау, сондай-ақ үшінші тұлға мүддесінде қолдануға;
  • Пациентке өзінің философиялық, діни және саясаттық көзқарастарын тануға,
  • Пациентке физикалық, өнегелі немесе материалдық залалады әдейі, ұқыпсыз тигізуге және осындай заларды тигізетін үшінші тұлғалардың әрекеттеріне қалыс қалуға құқылы емес.
  • Медицина қызметкерінің жеке жалған сенімі және өзге де кәсіптік емес уәждары диагностика мен емге әсер етпеуі керек.
  • Пациенттің ақылы медициналық  қызметкерден бас тартуы оған Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мемлекеттік шеңберінде тегін ұсынылатын медициналық көмек түрлері мен көлемдерінің сапасы мен қол жетілімділігінің нашарлау себебі бола алмайды.
  • Пациенттерден және пациенттерге сыйлықтар өте –мөте қажетсіз, себебі сыйлайтын және сыйлық алмайтын пациенттерде оларға қамқорлық аз көрсетіліп жатыр деген пікір тудыруы мүмкін, Сыйлықтар қызметтер көрсетілгендері үшін алысу-берісу мақсатында берілмеуі және қабылданбауы керек. Сыйлықтарды ақша түрінде және басқа да құнды сыйлықтар түрінде алуға тыйым салынады.
  • Медицина қызметкері дәрілік заттарды өндіріп шығаратын фирмалар мен тартушылардан оларды тағайындау үшін

 

  • сыйақылар алмауы керек және медицина ұйымының аумағында дәрілік препараттың, медициналық бұйымның сауда атауы немесе компания логотипі бар заттарды пайдаланбауы керек.
  • Медицина қызметкері өзінің жағдайын, пациенттің эмоцияналды жай-күйін  пайдалана отырып, онымен мүліктік мәмілелер жасауға, оның еңбегін жеке мақсаттарда қолдануға сондай-ақ күштеп алушылықпен және пара алушылықпен айналысуға құқылы емес.
  • Медицина қызметкері пациентке ем курсын тағайындаған кезде қолданылатын дәрілік препараттар, медициналық бұйымдар туралы дәлелсіз, толық емес немесе жалған ақпарат ұсынуға, сондай-ақ пациенттен бағалары одан да төмен дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдар туралы ақпаратты жасыруға құқылы емес.

 

 

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

 

Кәсіптік тәуелсіздік

  • Медицина қызметкерінің құқығы мен борышы –өзінің кәсіптік тәуелсіздігін сақтау.
  • Медицина қызметкері жаңа туған нәрестелерге және қарт адамдарға, әскери қызметкерлерге және азаматтық тұлғаларға, жоғары дәреже басшыларына және тұтқынға алынған тұлғаларға медициналық қызмет көрсете отырып, кәсіптік шешімдер үшін барлық толық жауапкершілікті өзіне алады, сондықтан әкімшілік, пациенттер немес өзге де тұлғалар тарапынан қандай да болмасын қысым жасау әрекеттерін қабылдамауға міндетті.
  • Медицина қызметкері Қазақстан Республикасының заңнамаларына, әдеп қағидаттарына, кәсіптік борышқа қайшы келетін әрекеттерді талап ететін қайсы бір жеке және заңды тұлғалармен ынтымақтастық жасаудан бас тартуы керек.
  • Медицина қызметкері сараптамаларда, консилимумдерде, комиссияларда, консультацияларда және т.б. қатыса отырып, өзінің пікірін анық және ашық жариялауы керек, өзінің көзқарасын қорғауы керек, ал егер оған қысым жасалған жағдайда – заңды және қоғамдық қорғауға сүйену керек.

 

Медицина қызметкері мен пациент арасындағы қарым-қатынас

 

Пациенттің абыройы мен намысын құрметтеу.

  • Медицина қызметкері пациенттің абыройы мен намысын құрметтеуі керек, оған және оның туысқандарына ілтипатпен және сабырлы қарым-қатынасты білдіруі керек. Пациентке деген дөрекілік және ізгіліксіз қарым-қатынасқа оның адам намысын кемсітуге, сондай-ақ медицина қызметкері тарапынан қандайда болмасын басымдылықты танытуға немесе пациенттің қайсы біреуін ұнатуға немесе жақтырмауға жол берілмейді.
  • Туған туысқандарының науқастың жағдайы туралы қамкөңілдерін түсініушілікпен қабылдау, алайда сол уақытта пациент пен оның отбасы мүшелерінің арасындағы жеке іске жеткіліксіз кәсіптік себептермен араласпауы керек.
  • Медицина қызметкері пациенттің еркіндігі мен намысын ең аз қысу жағдайларында медициналық көмек көрсетуі керек. Пациент қоғам, пациент-отбасы және т.б. мүдделерінің жанжалдары туындаған кезде медицина қызметкері пациент мүдделеріне артықшылық беруі керек, алайда олардың іске асырылуы пациенттің өзіне немесе қоршаған ортаға тікелей залал тигізбеуі тиіс.
  • Пациент сенім артып берілген жеке ақпараттыы және медициналық ақпаратты медицина қызметкері құпияда сақтайды деп санауға құқылы. Медицина қызметкері пациенттің немесе оның заңды өкілінің рұқсатынсыз

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

 

  • тексеру мен емдеу барысында алынған мәліметті және медициналық көмекке үнделу фактісін жариялауға құқылы емес.
  • Медицина қызметкері медициналық құпияның  жариялануына кедергі болатын шаралар қабылдауы керек. Пациенттің қайтыс болуы медициналық құпияны сақтау міндеттемесінен босатпайды. Медициналық құпияның жариялануы Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарасытырлған жағдайларда рұқсат етіледі.
  • Пациент өзінің денсаулығы туралы жан-жақты ақпарат алуға құқылы, алайда ол одан бас тартуы немесе оның денсаулығы туралы хабарлауға болатын тұлғаны белгілеуі мүмкін.
  • Егер де ақпарат пациентке маңызды зиян келтіретін болған болса, онда бұл ақпарат одан жасырылуы мүмкін, алайда пациент табандылық танытса, онда дәрігер оған жан-жақты ақпарат ұсынуға міндетті. Егер болжам науқас үшін жағымсыз болса, өмірдің жалғасына үміт қалдыра отырып, оған биязылық танытып, абайлап хабардар етуі қажет.
  • Егер пациент өзінің келісімін саналы түрде білдіре алмаса, онда оны заңды өкілі немесе пациентке үнемі қамқоршы болатын тұлға көрсетуі керек.

 

Дәрігерлікқұпия

 

1. Әрбір пациент жеке құпияны сақтауға құқылы және дәрігер мен медициналық көмек көрсетуге қатысқан басқа тұлғалар дәрігерлік құпияны егер де пациент басқаша иелік етпесе, пациент қайтыс болғаннан кейін де және медициналық көмекке  үнделу фактісін де сақтауға міндетті.

2. Құпия науқастың үнделу және емделу үдерісінде алынған барлық мәліметтерге жарияланады (диагноз, емделу әдістері, болжамы және т.б.).

3. Пациент туралы медициналық ақпарат мына жағдайда ашылуы мүикін:

  • Сол пациенттің анық жазылған жазбаша келісімі бойынша;
  • Анықтау, тергеу органдарының, прокуратураның және соттың дәлелденген талаптары бойынша;
  • Егер сақталған құпия пациенттің және (немесе) басқа тұлғалардың (қауіпті инфекциялы аурулар) денсаулықтары мен өмірілеріне маңызды қауіп төндірсе;
  • Егер емдеуге басқа мамандар тартылса, олар үшін бұл ақпарат кәсіби қажетті болып табылады.                                                                        

4. Дәрігер науқасты емдеуге қатысып жатқан тұлғалардың кәсіби құпияны сақтауға қадағалауды жүргізу керек.

5. Медициналық ақпаратқа мүмкіндік құқықтары бар тұлғалар пациент туралы барлық алынған ақпаратты құпияда сақтаулары керек.

6. Ғылыми зерттеулер, студенттерді оқыту және дәрігерлерді жетілдіру үдерістерінде дәрігерлік құпия сақталуы керек. Науқасты көрсету тек оның келісімімен ғана мүмкін.

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

        

         Медицина қызметкерлерінің өзара қарым-қатынастары

  • Медицина қызметкері арасындағы өзара қарым-қатынас өзара құрмет, сенім негізінде құрылуы және пациенттің мүдделерін сақтауменен ерекшелінуі керек;
  • Медицина қызметкері әріптестерімен өзара қарым-қатынас кезінде адал, әділетті, ізгі ниетті, парасатты болуы керек, олардың білімдері мен тәжірибелеріне құрмет көрсете білуі керек, сондай-ақ өзінің тәжірибесі мен білімін риясыз беруге дайын болуы керек.
  • Басқа медицина қызметкерлерімен басшылықтың моральдік құқығы кәсіптік біліктіліктің жоғары деңгейі мен жоғары адамгершілікті талап етеді.
  • Әріптестерге арналған сын дәлелденген және тіл тигізбеген болуы керек. Сынға әріптестердің жеке тұлғасы емес кәсіби әрекеттер жатады. Әріптестердің беделдерін  түсіру жолымен өзінің жеке абыройын нығайту әрекеттерге жол жоқ.  Медицина қызметкері пациенттер мен оның туысқандары жанында өзінің әріптестері мен олардың жұмыстары туралы жағымсыз пікірлерді айтуға құқылы емес.
  • Медицина қызметкері бүкіл өмір бойы оны емдеу өнеріне үйреткендерге құрметті және алғыс сезімді сақтауға міндетті.
  • Медицина қызметкері өзінің әріптестеріне  қатысты өзін олардың оған деген қарым қатынасы сияқты ұстауы КЕРЕК.
  • Медицина қызметкері басқа дәрігердің кәсіби біліктілігін көпшілік алдында немесе өзге де бір әдіспен оның беделін түсіруге құқылы емес.
  • Дәрігерлер күрделі клиникалық жағдайлар кезінде өздерінің әрістестеріне сыпайы түрде кеңестер мен ұсынулары керек. Емдеу үдерісі үшін жауапкершілікті емдеуші дәрігер алып жүреді, ол тек қана науқастың мүддесін басшылыққа ала отырып, Ұсынымдарды ескеруі немесе олардан бас тартуы мүмкін. Дәрігер басқа әріптестердің пациенттерді оған ауысуы үшін шарттар құрмауы керек.

 

 

Қайтыс болу жағдайындағы пациентті моральдік қолдау.

 

Медицина қызметкері қайтыс болып бара жатқанның бейнетін барлық қол жетімді және заңды әдістермен жеңілдетуге міндетті. Медицина қызметкері пациентке оның тілегі бойынша қайсы бір діни конфессия қызметшісінің рухани қолдануын пайдалану құқығына кепілдік беруге міндетті.

 

 

 

                           

 

 

ШЖҚ «Павлодар облыстық перинаталдық орталығы» КМК

 

Қортынды

  • Осы Кодекс барлық медицина қызметкерлері үшін міндетті күшке ие.
  • Кәсіби әдепті бұзғаны үшін жауапкершлік дәрежесі әдеп комитетімен белгіленеді.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиет көздері:

1. Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексі.

2.  Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясатың басты мақсаты» Жолдауы.

3.  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі» (мемлкеттік қызметшілердің қызметтік әдеп ережесі).

4. Дәрігерлік әдептің Халықаралық кодексі, Хелсинский.