
Сәби амандығы - басты назарда (Сабина Жолдаспаева https://ertistv.kz/kz/news/34836)
Сәбидің алаңсыз ұйқысы мен аман-есен ер жетуі ата-ана үшін шексіз қуаныш. Алайда кейде күтпеген жағдайлар орын алып, дүниеге жаңа келген нәрестелердің өмірі қысқа болып жатады. Оған не себеп? Келесі сюжеттен көрейік.
Дәрігерлер мұны кенеттен болған нәресте шетінеу синдромы деп атайды. Бұл құбылыс көбінесе ұйқы кезінде орын алады. Осындай жағдайлар күтімге байланысты факторлармен ұштасады. Мамандар ата-аналарға бірнеше сақтық шараларын сақтауды ұсынады.
БАҚЫТГҮЛ ҚАЙРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ НӘРЕСТЕЛЕР ПАТОЛОГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ РЕЗИДЕНТ-ДӘРІГЕРІ
Бұл синдром нәрестенің 1 жасқа дейінгі сау баланың кенеттен жүрек қағысының, немесе тыныс алуының тоқтауы. Тыныс алуының тоқтауы 12-15 сек жоғары болмауы керек. Егер де баланың кенеттен тынысы тоқталса, бұл кенеттен өлім синдромы болып табылады. Нәресте ұйықтап жатқан бөлмеде, түтіннің, шылымның иісі болмау керектігін айтамыз. Одан қоса ата-аналар зиянды әдеттерден аулақ болу керек. Онымен қоса төсегінде қатты ауыр көрпешімен жаппау керек. Жүргекпен баланы қатты орамау керек.
Бұл синдром сирек кездесетін жағдай болғанымен, сақтық шараларын сақтау арқылы оның алдын алуға болады. Сәбидің дұрыс жатпауы, тыныс алуына кедергі келтіретін төсек-орын, бөлмедегі ауа температурасының тым жоғары болуы қауіптің негізгі себептері саналады.
БАҚЫТГҮЛ ҚАЙРАТОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҒЫ НӘРЕСТЕЛЕР ПАТОЛОГИЯСЫ БӨЛІМШЕСІНІҢ РЕЗИДЕНТ-ДӘРІГЕРІ
Біз нәресте дүниеге келгенде аналарға бірден айтамыз, баланы ұйықтаған кезде төсекке алып жатпау керектігін. Нәрестені тамақтандырған кезде ұйықтап қалмау керек. Жатып тамақтандырады көп аналар немесе отырып, сол кезде ұйықтап қалмау керек. Міндетті түрде баланың тамақ ішуін, емуін қадағалап отыру керек. Одан кейін 6 айға дейін міндетті түрде ана сүтімен тамақтандыру, одан кейін баланы жатқызған кезде оң қырына, немесе сол қырына жатқызу керек. Нәрестенің төсегінде ешқандай да бір бөгде заттар тұрмау керек.
Өткен жылы осындай 5 жағдай тіркелген болатын. Оның біреуі нәрестенің кенеттен шетінеу синдромы болса, қалған төртеуі асфиксия, яғни тұншығу салдарынан болған.