ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК-ы 2024 жылғы сәуірде аккредиттеу рәсіміне қатысу үшін Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін сыртқы кешенді бағалауға өтінім берді.
Медициналық ұйымдарды аккредиттеу – денсаулық сақтау ұйымында халыққа сапалы, уақтылы, белгілі деңгейде медициналық көмек көрсету үшін жағдайлардың болуын, денсаулық сақтау жүйесіндегі Стандарттардың сақталуын ресми тану.
Аккредитацияның мақсаты – тұтынушының мүддесін қорғау және медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек пен қызметтің қажетті көлемі мен сапасын қамтамасыз ету болып табылады.
2024 жылдың сәуір айында Қан орталығы аккредиттеу рәсімінен өтіп, жоғары санатты аккредиттеу туралы куәлікке ие болды. (Аккредиттеуді тіркеу туралы № KZ54VEG00014343 куәлігі, куәліктің берілген күні 2024 жылғы 22 мамыр).
Бұл куәлік денсаулық сақтау субъектісінің қызметі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу стандарттарына сәйкестігін куәландырады.