Бүгін Облыстық қан орталығында Қазақстан Республикасының Президенті лауазымындағы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қызметінің нәтижелеріне арналған
«Сенімді әрі жасампаз көшбасшылықтың жеті жылы» тақырыбында іс-шара өтті.
Іс-шара барысында мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, жүзеге асырылған реформалар, әлеуметтік бастамалар және ел экономикасын жаңғыртуға бағытталған шаралар кеңінен таныстырылды. Әділетті Қазақстанды құру тұжырымдамасына, азаматтық қоғам институттарын дамытуға және елдің халықаралық беделін нығайтуға ерекше назар аударылды.
Дәріс іскерлік ахуалда өтіп, қызметкерлердің дүниетанымын кеңейтуге және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етті.



@depzdrav_pavlodar
whatsapp руководителя