контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Гемопоэздік дің жасушаларының донорлары күні
02-04-2026 16:16
Гемопоэздік дің жасушаларының донорлары күні
2026 жылғы 31 наурызда Павлодар облыстық қан орталығында акция аясында гемопоэздік дің жасушаларының донорлары күні өтті.
 
Іс-шара ERG Group, Әсел Байсейітова атындағы қайырымдылық қоры және Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды.
 
Бұл күні ERG Group қызметкерлері әлеуетті донорлар тізіліміне (регистріне) ену арқылы белсенділік танытты. Акция барысында 29 адам гемопоэздік дің жасушаларының (ГДЖ) донорлар тізілімін толықтырып, өмірді сақтап қалу жолында маңызды қадам жасады.
ГДЖ донорларының тізілімін қалыптастыру және кеңейту — денсаулық сақтау жүйесінің басым бағыттарының бірі. Бұл трансплантацияға мұқтаж пациенттер үшін үйлесімді донор табу мүмкіндігін арттырады.
 
Әрбір жаңа донор — бұл адам өмірін сақтап қалуға берілген қосымша мүмкіндік. Мұндай бастамалар тізілімді кеңейтіп қана қоймай, қоғамның донорлық маңыздылығы туралы хабардарлығын арттыруға септігін тигізеді.
 
Аталған іс-шара донорлық қозғалысты дамытуға және әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға қосылған елеулі үлес болды.
 
Барлық қатысушыларға бейжай қарамай, белсенді азаматтық позиция танытқандары үшін алғыс білдіреміз.