контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
19-06-2026 09:23
Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті
   18 маусымда Естай атындағы Қалалық мәдениет сарайында Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Павлодар облысының әкімі денсаулық сақтау саласының өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың жанқиярлық еңбектері үшін алғыс білдірді және өңір медицинасының дамуына қосқан үлестері үшін мемлекеттік наградаларды, құрмет грамоталары мен алғыс хаттарды табыс етті.
   Павлодар облыстық қан орталығының ұжымы үшін Қан орталығының директоры Ардақ Мүбәракұлы Күзековтің «Құрмет» орденімен марапатталуы ерекше мақтаныш болды. Жоғары мемлекеттік награда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026 жылғы 15 маусымдағы № 1317 Жарлығымен денсаулық сақтау саласындағы сіңірген еңбегі және көпжылдық адал қызметі үшін берілді.