контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Жарғы
27-01-2020 13:20

Павлодар облысы

қаржы басқармасының

2015 жылғы «24» желтоқсандағы

№ 444 бұйрығымен

БЕКІТІЛДІ

Павлодар облысы әкімдігі

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының

«Павлодар облыстық қан орталығы»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының

ЖАРҒЫСЫ

1. Жалпы ережелер

1. Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — Кәсіпорын) жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

2. Кәсіпорын Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы «Мемлекеттік кәсіпорын түрін өзгертуге байланысты Павлодар облысының кейбір медицина ұйымдарын қайта атау туралы» № 345/12 қаулысына сәйкес қайта аталған Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы «Жекеленген мемлекеттік медициналық ұйымдарды қайта ұйымдастыру туралы» № 364/12 қаулысына сәйкес құрылды.

3. Кәсіпорынның құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысының әкімдігі болып табылады.

4. Кәсіпорынның мүлкіне қатысты субъектінің құқығын, мемекеттік коммуналдық меншік құқығын жергілікті атқарушы орган – Павлодар облысы әкімдігі жүзеге асырады.

5. Кәсіпорынды басқаруды жүзеге асыратын орган Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы (бұдан әрі – Басқару органы) болып табылады.

6. Мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік тілдегі толық атауы: Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының «Павлодар облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Мемлекеттік кәсіпорынның орыс тіліндегі толық атауы: коммунальное государственное казенное предприятие «Павлодарский областной центр крови» управления здравоохранения Павлодарской области, акимата Павлодарской области.

7. Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, 140003, Естай көшесі, 79-үй.

2. Кәсіпорынның заңдық мәртебесі

8. Кәсіпорын мемлекеттік тікелген кезден бастап құрылған және заңды тұлғаның құқықтарын иеленген болып саналады.

9. Кәсіпорын заңнамаға сәйкес дербес теңгерімі, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген және Кәсіпорынның атауы бар бланкілері, мөрі болады.

10. Кәсіпорын жергілікті атқарушы органның келісімімен басқа заңды тұлға құра алады, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алады.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер құра алады.

11. Кәсіпорынмен жасалатын және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес міндетті түрде мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын азаматтық-құқықтық мәмілелер, егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен қарастырылмаса, тіркелген сәттен бастап жасалынған деп есептеледі.

3. Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаттары

12. Кәсіпорын қызметінің мәні денсаулық сақтау саласында қызмет ету болып табылады.

13. Кәсіпорын қызметінің мақсаты қан қызметі саласында өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметті жүзеге асыру, Павлодар облысы тұрғындарына белгіленген тәртіпте берілген лицензияларға және медициналық қызметтердің бекітілген түрлеріне сәйкес мамандандырылған медициналық көмек көрсету болып табылады.

14. Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін қызметтің мына түрлерін жүзеге асырады:

1) денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыру;

2) халықты донорлық қанның және оның құрамдас бөліктерінің қажетті санымен, сондай-ақ стандартты диагностикалық сарысумен қамтамасыз ету;

3) облыс тұрғындарының денсаулықтарын қорғау бағдарламаларын орындау;

4) мемлекеттік тапсырысты, заңды тұлғалармен жасалған шарттық міндеттемелерді орындау есебінен Кәсіпорынды ұстау және дамыту үшін қажетті табыс алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке тұлғаларға ақылы медициналық көмек көрсету;

5) облыс емдеу-алдын алу ұйымдарына консультативтік, ұйымдастырушылық және зертханалық-диагностикалық көмек көрсету;

6) Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексімен тыйым салынбаған медициналық қызметтің өзге түрлері.

15. Кәсіпорын осы Жарғыда бекітілген оның қызметінің мәні мен мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ

мәмілелерді жасауға құқылы емес.

16. Кәсіпорынның Қазақстан Республикасының заңдарында немесе құрылтай құжаттарында белгілі бір шек қойылған қызмет мақаттарына қайшы не оның басшысының жарғылық құзыретін бұза отырып, жасаған мәмілесі уәкілетті органның не прокурордың талап-арызы бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкін.

17. Кәсіпорын басшысының жарғыдан тыс қызметті жүзеге асыруға бағытталған іс-қимылдары еңбек міндеттерін бұзу болып табылып, тәртіптік және материалдық жауаптылық шараларын қолдануға әкеп соғады.

4. Кәсіпорынды басқару

18. Жергілікті атқарушы орган:

1) Кәсіпорынды құру, қайта құру және жою туралы шешім қабылдауға;

2) Кәсіпорынның Жарғысын бекітеді, оған өзгерістер мен қосымшаларды енгізеді немесе осыған жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын облыстық коммуналдық мүлікті иелік етуге уәкілетті атқарушы органды уәкілетті етеді;

3) Коммуналдық мүлікті Кәсіпорынның иелігіне тіркейді,

4) Кәсіпорынға филиалдар мен өкілеттіліктерді құруға келісім береді;

5) Кәсіпорынның мүлігін пайдалану туралы, соның ішінде оны кепілге, жалға беру, өтеусіз пайдалануға беру және сенімгерлікпен басқаруға беру туралы шешім қабылдайды;

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

19. Басқару органы Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте мына қызметтерді жүзеге асырады:

1) Кәспорын бюджетінен қаржыландырылатын қызметтің басымды бағыттарын және жұмыстардың (қызметтердің) міндетті көлемдерін белгілейді;

2) Кәсіпорынның даму жоспарларын және оларды іске асыру есептерін қарастырады, келісімдейді және бекітеді;

3) Кәсіпорынның даму жоспарының орындалуына бақылау мен талдауды жүзеге асырады;

4) Кәсіпорын мүлігінің пайдаланылуына және сақталуына бақылауды қамтамасыз етеді;

5) Кәсіпорын мүлігінің есебін ұйымдастырады, оның тиімді пайдалануын қаматмасыз етеді;

6) Осы Жарғымен және Қазақстан Республикасының басқа да заңнамасымен жүктелген өзге де өкілдіктерді жүзеге асырады.

20. Кәсіпорын органы оның басшысы болып табылады.

21. Басшыны тағайындау, оны аттестаттаудан өткізу, Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі бойынша уәкілетті органмен айқындалатын тәртіппен жүзеге асырылады.

22. Басқару орган Кәсіпорын басшысымен Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасу арқылы еңбек қатынастарын

ресімдейді.

Еңбек шартында Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен белгіленген шарттардан басқа, Кәсіпорын басшысының таза табыстың белгіленген бөлігін бюджетке уақытында аудармағаны үшін жауапкершілік белгіленеді.

23. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметіне және мүліктің сақталуына дербес жауапты болады.

24. Кәсіпорын басшысы Кәсіпорында жемқорлыққа қарсы іс-қимылды ұйымдастыру үшін дербес жауапты болады.

25. Кәсіпорын басшысы жеке ұстанымы негізінде әрекет етеді және Кәсіпорынның қызметі жөніндегі барлық сұрақтарды Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен айқындалатын өз құзыретіне сәйкес шешеді.

26. Басшы:

1) Кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген щеңберде кәсіпорынның мүлкіне иелік етеді;

3) шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды;

4) сенімхаттар береді;

5) банктік шоттар ашады;

6) Кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

7) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Жарғымен өзгесі көзделмесе оларды жазаға тартады;

Басқару органы басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындалатын немесе қызметтен босатылатын Кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы осы Жарғыда белгіленеді;

8) белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықтардың мөлшерлерін, Кәсіпорынның қызметкерлеріне (өзінің орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтерді қоспағанда) сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді;

9) Басқару органына өз орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін кандидатураны ұсынады;

10) өз орынбасарлары мен Кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді;

11) тиісті Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорын филиалдары мен өкілдіктерінің басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

12) Кәсіпорынның филиалдары мен өкілдіктері туралы ережелерді бекітеді;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

27. Кәсіпорын мен жергілікті атқарушы орган арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

28. Кәсіпорын мен Басқару органы арасындағы қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

5. Кәсіпорынның мүлкі

29. Кәсіпорынның мүлкін Кәсіпорынның активтері құрайды, олардың құны оның теңгерімінде көрсетіледі.

30. Кәсіпорынның мүлкі бөлінбейтін болып табылады және салымдар (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері, пайлар) бойынша, оның ішінде Кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды.

31. Кәсіпорынның мүлкі:

1) оған меншік иесі берген мүліктің;

2) өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүліктің (ақшалай табыстарды қоса алғанда);

3) Қазақстан Республикасының заңнамамасымен тыйым салынбаған өзге де қаражат көздерінің есебінен қалыптастырылады.

32. Кәсіпорынның жүргізуінде тек оның жарғылық мақсаттарымен көзделген қызметті қамтамасыз ету үшін оған қажетті не осы қызметтің өнімі болып табылатын мүлкі болуы мүмкін.

33. Жедел басқару құқығын алу және тоқтату, егер осы бапта өзгесі көзделмесе немесе аталған заттық құқықтық табиғатына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде меншік құқығын және өзге де заттық құқықты алу мен тоқтату үшін көзделген талаптарда және тәртіппен жүзеге асырылады.

34. Жедел басқарудағы мүлікті пайдаланудың жемістері, өнімі мен кірістері, сондай-ақ Кәсіпорын шарттар немесе өзге де негіздер бойынша алған мүлік Қазақстан Республикасының заңнамасында меншік құқығын алу үшін белгіленген тәртіппен Кәсіпорынның жедел басқаруына түседі.

35. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен немесе меншік иесінің шешімімен өзгесі белгіленбесе, мүлікке жедел басқару құқығы, оған қатысты меншік иесі оны Кәсіпорынға бекіту туралы шешім қабылдаған, Кәсіпорында мүлікті өз теңгеріміне бекіткен сәтінде туындайды.

36. Кәсіпорынның негізгі құралдарға жататын мүлікті сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту шарттары негізінде иеліктен айыруға құқығы жоқ.

37. Кәсіпорынның мүлкіне жедел басқару құқығы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 249-бабында көзделген тәртіппен және меншік құқығын тоқтату негіздері бойынша, сондай-ақ осы Жарғының 38-тармағында көзделген жағдайларда тоқтатылады.

38. Осы Жарғының 37-тармағында көзделген жедел басқару құқығын тоқтатудың жалпы негіздерінен басқа, шаруашылық жүргізу құқығы Кәсіпорыннан мүлікті меншік иесінің шешімі бойынша заңды түрде алынып қойылған жағдайда тоқтатылады.

Заңды түрде алып қою жағдайларына, атап айтқанда, мыналар:

* жедел басқару құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық қызметінің мақсаттарына жауап бермейтін мүлікті алып қою;

* артық, пайдаланылмайтын не мақсатқа сай емес пайдаланылатын мүлікті алып қою жатқызылады.

39. Жедел басқару құқығындағы мүлікті алып қою туралы шешімде жергілікті атқарушы орган Кәсіпорынға алынған мүлікті басқа тұлғаға тапсыруға дейін ұстауын және сақталуын қамтамасыз етудің мерзімдерін белгілейді.

40. Кәсіпорын негізгі заттарға жататын оған бекітілген мүлікті алып қоюға немесе өзге әдіспен билік етуге, осы Жарғының 36-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік мүлік бойынша жергілікті атқарушы органның жазбаша келісімімен тапсыруға, және дебиторлық берешекті алып тастауға құқылы.

41. Кәсіпорын оған жедел басқару құқығында бекітілген негізгі құралдарға жатпайтын жылжымалы мүлікке дербес билік етеді.

42. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен немесе меншік иесімен өзгесі белгіленбесе, осы Жарғының 41 тармағында көрсетілген мүлікпен жасалған мәмілелерден алынған ақшаны Кәсіпорын дербес пайдаланады.

6. Кәсіпорын қызметін қаржыландыру

43. Кәсіпорынның қызметі өз табысы және Қазақстан Республикасының Бюджет заңнамасында айқындалған тәртіппен алынған бюджет қаражаты есебінен даму жоспарына сәйкес қаржыландырылады.

Кәсіпорынның даму жоспарларын әзірлеу және бекіту тәртібін мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган айқындайды.

44. Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган белгілейді.

Кәсіпорынның таза табысының бір бөлігі белгіленген нормативтер бойынша Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен тиісті бюджетке аударылуы тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін Республикалық бюджетке аударуды копоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

45. Кәсіпорын өзі өндіретін өнімді дербес жүзеге асырады.

46. Кәсіпорын өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) бағалары Кәсіпорынның оларды өндіруге жұмсаған шығындарын толық өтеуді, оның қызметінің залалсыздығын және өз табыстары есебінен қаржыландырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

Кәсіпорын таза табысының бір бөлігін Республикалық бюджетке аударуды корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияны тапсыру үшін белгіленген мерзімінен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

47. Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынған, Кәсіпорынның жарғысында көзделмеген қызметті жүзеге асырудан осы

кәсіпорын алған табыстар, сондай-ақ бюджеттен қаржыландыру есебінен құралған, сатылатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгіленген бағаларын көтеру нәтижесінде алынған табыстар Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртіппен бюджетке алып қоюға жатады. Мүлікті бухгалтерлік есеп қағидалары бойынша тиісті түрде көрсетпей пайдалану фактілері анықталған жағдайда, ол да алып қоюға жатады.

7. Кәсіпорынның жарғылық капиталы

48. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорынның жарғылық капиталы жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға меншіктен алынған мүліктен қалыптасады.

8.Кәсіпорынның есепке алуы мен есептілігі

49. Кәсіпорынның бухгалтерлік есебін жүргізу және қаржылық есептілігін жасау Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына және қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес Басқару органының келісімі бойынша Кәсіпорынның басшысы бекітетін есеп саясатына сәйкес жүзеге асырылады.

50. Кәсіпорынның жылдық қаржылық есеп беруі бухгалтерлік теңгерімді, табыстар мен шығындар туралы есепті, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есепті, капиталдағы өзгерістер туралы есепті, түсіндірме жазбаны қамтиды.

9. Кәсіпорынның жауапкершілігі

51. Жедел басқару құқығындағы Кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі ақшамен жауап береді. Ақша жеткіліксіз болған жағдайда оның міндеттемелері бойынша біріккен жауапкершілікті жергілікті атқарушы орган алып жүреді.

10. Еңбек ұжымымен өзара қатынас

52. Кәсіпорынның әкімшілігі мен еңбек ұжымы арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және ұжымдық шартқа сәйкес айқындалады.

53. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі ішкі еңбек тәртібі қағидасына сәйкес белгіленеді және Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

11. Кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу

54. Кәсіпорынның еңбекақы төлеу қорының мөлшерін жыл сайын Басқару

органы белгілейді.

55. Еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлық ақылар мөлшерін, сыйлықақы беру және өзге сыйақы жүйесін белгіленген еңбекке ақы төлеу қорының шегінде Кәсіпорын дербес айқындайды.

56. Кәсіпорын басшысының, оның орынбасарларының, бас (аға) бухгалтерінің лауазымдық айлық ақыларының мөлшерін, оларға сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін Басқару органы белгілейді.

12. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және тарату

57. Кәсіпорынды қайта ұйымдастыру және таратуы жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жүргізіледі.

Кәсіпорын Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен көзделген басқа да негіздер бойынша таратылуы мүмкін.

58. Кредит берушілердің талаптарын қанатағаттандырғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның мүлкін жергілікті атқарушы орган қайта бөледі.

Кредит берушілердің талаптарын қанатағаттандырылғаннан кейін қалған таратылған Кәсіпорынның ақшасы, Кәсіпорынның мүлкін сату нәтижесінде алынған қаражатты қоса алғанда, тиісті бюджеттің табысына есептеледі.

13. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібі

59. Кәсіпорынның Жарғысына өзгерістер мен толықтыруларды жергілікті атқарушы органдар енгізеді немесе оған жергілікті бюджеттен қаржыландыратын, облыстық коммуналдық мүлкіне билік етуге өкілетті атқарушы органға өкілеттік беріледі.

Басшы (директор) М.Т. Солтанов