контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
Қызмет түрлері

Кәсіпорын мақсаты мыналар болып табылады: қанның құрамдас бөліктерін және препараттарын дайындау, консервациялау, қайта өңдеу, сақтау, өңдіру және іске асыру. Облыстың және қаланың медицина ұйымдарын ТМККК шеңберінде қамтамасыз ету.

Кәсіпорын қызметінің мәні мыналар болып табылады:

• Донорлықты насихаттау және дамыту.
•Донорлықты ұйымдастыру, донорлық кадрларды іріктеу және жинақтау, донорларды тексеру.

• Стационар жағдайында және көшпелі жағдайларда консервацияланған донорлық қанды дайындау, донорлық плазмацитаферезді жүргізу.

• Қанды қайта өңдеу және одан құрамдас бөліктерді алу.

• Қан тобын белгілеу үшін диагностикалық стандарттарды өндіру (стандартты эритроциттер).

• Медицина ұйымдарын донорлық қанның құрамдас бөліктерімен және препараттарымен қамтамасыз ету.
• Медицина ұйымдарына консультативтік көмек көрсету.
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін ақылы қызметтер көрсету.

 

 Қызмет түрлері:
• Донорлық қанды жоспарлау, жинақтау және есепке алу.

• Донорлық сессияларды ұйымдастыру.

•  Қанды дайындау, одан гемо құрамдас бөліктерді алу.

• Аппараттық және дискреттік донорлық  плазмацитаферезді жүргізу.
• Дайындалған донорлық қанды сақтау.

• Донорлық қанның гемотрансмиссиялық инфекцияларын зертханалық диагностикалау.

• Донорлық қанның иммуногематологиялық және клиникалық-биохимиялық зерттеулерін зертханалық диагностикалау.

• Павлодар облысының МҰ гемотрансфузиондық орталармен қамтамасыз ету.

• Шығарылатын өнімнің сапасына бақылау жүргізу.

• Қан қызметін ұйымдастырудың озық түрлері мен әдістерін, клиникалық тәжірибеде қанның құрамдас бөліктері мен препараттарын өндіру және қолдану технологияларын әзірлеу.

• Қан қызметін ұйымдастыру үшін кадрларды даярлау және жетілдіру.

Павлодар облысының МҰ-на трансфузиология мәселелері жөнінде ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылық және тәжірибелік  көмек көрсету.
 Ақылы қызметтер тізбесі:
• В,С  вирустік гепатиттеріне, мерезге зерттеулер жүргізу;

• қан тобын белгілеу;

• резус затын белгілеу;

• қарсы денелерді анықтау.