Мемлекеттік қызмет көрсету туралы
«Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік қызмет паспорты
Мемлекеттік орган «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ
Қызмет алушылар Жеке тұлға
Қызметтерді ұсыну орны «Павлодар облыстық қан орталығы» КМҚК
Қызмет бағасы Тегін
Қызмет көрсету мерзімі 60 минут
«Электрондық үкімет» порталында
қызмет көрсету жоқ
Мемлекеттік орган арқылы қызметтер көрсету Жеке тұлғаны растайтын құжат
ХҚО арқылы қызметтер көрсету Көрсетілмейді
Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесі «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама
нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907
бұйрығымен бекітілген нысан бойынша (Нормативтік құқықтық
актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде бекітілген № 6697) қағаз
түрінде, анықтама берген тұлғаны қолы қойылған, қызмет ұсынушының
мөрімен бекітілген донор картасына сәйкес қан тапсыру туралы
анықтама
Облыстық қан орталығының өндірістік қызметі облыс тұрғындары үшін донорлық қанды дайындау болып табылады. Жолдаманы алу механизмі және тәртібі:
Жыл сайын облыстың 23 стационарлық медициналық ұйымның өтінімдері бойынша гемотрансфузиондық медициналық көмекті көрсету үшін дайындалатын донорлық қанның жолдамасын медициналық ұйымның қажеттіліктеріне сәйкес белгілейді. Қабылданған өтінімдер бойынша денсаулық сақтау басқармасы мемлекеттік тапсырысты (жолдаманы) қалыптастырады және бекітеді, дайындау көлемі бойынша жыл сайын 6,2-ден 6,5 тоннаға дейін, кейінен өнімді емдеу ұйымдарының өтінімдері бойынша береді.