Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК-ның қадағалаушы кеңесі, 140000, Павлодар қаласы, Естай көшесі 79-үй, анықтама телефоны (87182) 32-64-05 Павлодар облысы әкімдігі, Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Павлодар облыстық қан орталығы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының Қадағалаушы кеңесінің бос лауазым орнын басуға конкурс жариялайды.
Конкурс Павлодар қаласы, Естай көшесі 79-үй, 2 қабат мекенжайы бойынша орналасқан ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК-нда онлайн режимінде өткізіледі.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Естай көшесі 79-үй, телефоны 8 (7182) 32-64-05.
Кәсіпорын қызметінің миссиясы сапалы, қауіпсіз және қолжетімді қан компоненттерімен қамтамсыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның негізгі міндеттері мыналар болып табылды: өтеусіз еркін донорлықты дамыту; халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қан компоненттерін дайындау, сақтау және өткізу; қан компоненттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды енгізу; қан компоненттерінің инфекциялық және иммуногематологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету; ПОҚО-нда шығарылатын қан компоненттерінің сапасына бақылауды қамтамасыз ету; қан қызметі мамандарының біліктіліктерін арттыру және үздіксіз оқыту; медициналық ұйымдарға әдістемелік және консультациялық көмек көрсету.
Қадағалаушы кеңесінің құрамына таңдалатын тұлғаға қойылатын талаптар
Қадағалаушы кеңесінің лауазымына таңдалатын тұлғаға қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
- Жоғары білімның бар болуы;
- Денсаулық сақтау саласында кем дегенде 10 жылдай жұмыс тәжірибиесінің бар болуы;
- Денсаулық сақтау саласында кем дегенде 5 жылдай басшы жұмысы тәжірибиесінің бар болуы (заңды тұлғаның басшысы немесе оның орынбасары).
Қадағалаушы кеңесінің мүшесі ретінде:
1) заңды тұлғаны банкрот деп тануға дейін бір жылдан аса осы заңды тұлғаның басшысы болғандапр;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық жасағандар;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе шешілмеген соттылық болғандар;
4) қадағалау кеңесі мүшелерінің біреуімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен туыстық қатынста болғандар таңдалмайды.
Конкурсқа қатысатын тұлға конкурсты өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мына құжаттарды ұсынады:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда баяндалған өмірбаян;
4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжат көшірмесі;
5) білім туралы құжаттар көшірмелері;
6) еңбек кітапшасының (бар болған жағдайда) немесе еңбек шартының көшірмесі немесе соңғы жұмыс орнына қабылдау және (немесе) еңбек шартын бұзу туралы бұйрықтардан үзінді;
7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінен соттылығы және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары жоқ туралы анықтамасы.
Конкурс қатысушысы оның білімі туралы, жұмыс өтілі, кәсіби дайындығының деңгейіне (біліктілікті арттыру, ғылыми дәрежелерді және білімдерді тағайындау туралы құжаттардың, ғылыми мақалалардың, сондай-ақ соңғы жұмыс орны басшылығынан ұсыным туралы құжаттар көшірмелерін) қатысты қосымша құжаттарды ұсына алады.
Конкурсқа қатысу туралы өтінішті ұсыну мерзімі
Конкурсқа қатысатын тұлғалардан құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап он бес күн ішінде қабылданады.
Құжаттарды қабылдау күнінің басталуы
Конкурсқа қатысатын тұлғалардан құжаттар бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен басталады.
Құжаттар мына мекенжай бойынша қабылданады:бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсты өткізу туралы хабарландыру шыққан күннен бастап он бес күн ішіндеПавлодар қаласы, Естай көшесі 79-үй, телефоны 8 (7182) 32-49-16,қызметкерлерді басқару қызметі, №203 кабинет.