контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев
ОСМС

 

 

 

 

МӘМС

 

 

МӘМС туралы өзекті ақпарат көздері

 

2020 жылдың 1-қаңтарынан бастап Қазақстанда өз күшіне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру  (МӘМС) жүйесі енеді. Сіз МӘМС жүйесіне қатысу үшін не істеу керек екенін және сақтандыру бойынша медициналық көмекті қалай алатынын білесіз бе? Онда  www.  fms.kz  Қор сайтына, depzdrav.gov.kz  ДСБ кіріңіз немесе, 1414 Gall-center  нөміріне және 87182371904 телефондарға тегін қоңырау шалып, толығырақ біліңіз.

 

Сондай-ақ, МӘМС жүйесі бойынша кеңес алу үшін өзіңіз тіркелген медициналық мекемеге хабарласыңыз.

 

 

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды таңдаудағы себе

 

Денсаулық сақтау жүйесі үшін жаһандық сын-тегеуріндер (жұқпалы емес аурулардың өсуі, жаңа технологияларды енгізу арқасында жүйенің қор сыйымдылығы, Республиканың қарт тұрғындары санының артуы) денсаулық сақтауға шығындардың артуына әкеледі.

 

ҚР-дағы денсаулық сақтауды қаржыландыру деңгейі әзірше жоғары емес – ең жақын көршілермен (РФ-дағы ЖІӨ-ден 5%-дан аса) және ЭЫДҰ елдерімен (ЖІӨ-ден орташа 8-9%) салыстырғанда ЖІӨ-ден 3,5% деңгейінде.

 

Содан басқа, Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексімен қарастырылған ортақ жауапкершілік принципі толықтай әлі іске асырылған жоқ.

 

Халықаралық тәжірибеде міндетті медициналық сақтандыруды енгізу жоғарыда көрсетілген сын-тегеуріндерге жауап береді және жүйенің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – бұл халықты денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік қорғау түрі. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табыстарына қарамастан Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына медициналық және дәрі-дәрмектік көмекке қол жетуіне кепіл береді.

 

Көптеген елдерде сақтандыру медицинасы жұмыс істейді. Мысалға, Германияда ол бір ғасырдан аса, канцлер Бисмарк басқарған кезеңінен бар.

 

Қазіргі уақытта 16 еуропалық ел, сонымен қатар, Түркия (1945 жылдан бастап) мен Жапония (1961 жылдан бастап) бюджеттік жоспарлаудың орнына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру моделін қолданады. Осы елдерде медицина өте жоғары деңгейде, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығы жоғары – 80-85 жасқа дейін.

 

МӘМС мемлекеттің, жұмыс берушінің және азаматтардың өз денсаулық сақтау мәселелеріндегі ортақ жауапкершілігінде негізделді.

 

Сонымен бірге, мемлекет өзіне елдің барлық азаматтарына медициналық қызметтердің минималды тегін негізгі пакетін ұсыну міндеттемелерін алады.  Қазақстанда бұл 17 млн.-нан аса адамға қатысты болады. Бұл пакетке әдетте ауруларды ескертуге және алдын алуға бағытталған қызметтер, сонымен қатар, шұғыл және қауырт араласуды талап ететін медициналық көмектің түрлері; 12 санат кіретін, оларға медициналық көмекті алуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін экономикалық белсенді емес тұрғындарға МӘМС-ке жарна аудару кіреді. Қазақстанда осы санатқа жататын азаматтардың саны тұрғындардың жалпы санынан 50%-дан астам немесе шамамен 10 млн. адамды құрайды. Бұл балалар, көпбалалы аналар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, мүгедектер, зейнеткерлер және басқа.

 

Жұмыс берушілер де өз қызметкерлерінің денсаулығының қамын ойлайды, өйткені, денсаулық пен өндірістік еңбек қорлары – кез-келген кәсіпорын табысының кепілі. Сондықтан МӘМС жұмыс істейтін барлық елдерде жұмыс берушілер медициналық сақтандыру жүйелеріне көлемі еңбек ақы төлеу қорынан 3%-дан 15%-ға дейін құрайтын жарналар төлейді.

 

Қазақстаннның кәсіпорындарында бүгінгі күні МӘМС-ке жұмыс берушілер жарналар бөлу тиіс 5,6 млн-нан астам адам еңбек етуде.

 

Еңбекпен қамтылған азаматтар, егер олар нақты бір кәсіпорындарда жұмыс істесе және өздерінің ісі болса, өз табысынан бөлетін болады.

 

Әлемдік тәжірибеде егер, азаматтар жалдамалы жұмысшылар болатын болса, онда олардың аударымдар көлемі еңбек ақыдан 1%-дан бастап 8,2%-ға дейін, ал егер жеке кәсіпкер – онда ол мәлімделген табыстан (минималды жалақыдан төмен емес) — 7%-дан 15,5%-ды құрайды.

 

Жоғарыда ұсынылған барлық төлеушілерден қаражатты шоғырландыру осы елдерге қаражатты мақсатты түрде пайдалануды қамтамасыз етуге, ұсынылатын медициналық көмектің түрлерін кеңейтуге және олардың сапасын және ең бастысы – олар алдындағы денсаулық сақтау жүйесінің есеп берушілігін арттыруға мүмкіндік берді.

 

Бұл медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін қамтамасыз еткен және Қазақстанмен оны таңдаудың негізі болған жағдайлар болды.

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу ҚР-ның барлық азаматтары үшін міндетті болып табылады.

 

МӘМС шеңберінде медициналық қызметтердің келесі түрлері көрсетілетін болады. Медициналық қызметтердің екі пакеті болады.

 

Біріншісі – елдің барлық азаматтарына мемлекетпен ұсынылатын минималды негізгі пакет. Оған әлеуметтік-маңызды аурулар кезінде және шұғыл жағдайларда жедел жәрдем мен санитарлық авиация, медициалық көмек, алдын алу екпелер, (2020 жылға дейін) амбулаторлы-дәрі-дәрмектік қамтамасыз ете отырып, амбулаторлы-емханалық көмек кіреді.

 

МӘМС жағдайында ұсынылатын медициналық қызметтердің екінші пакеті сақтандырылған азаматтарға арналған және оған амбулаторлы-емханалық көмек (емханаларда емделу, дәрігерлердің қабылдауы, зертханалық қызметтер, диагностикалау мен манипуляциялар), стационарлық көмек (жоспарлы тәртіпте ауруханаларда емделу),  стационар алмастыратын көмек (күндізгі стационарларда емделу), жоғары технологиялық медициналық қызметтер (күрделі және бірегей медициналық технологияларды қолдана отырып, орындалатын медициналық көмек), дәрі-дәрмектік қамтамасыз ету (амбулаторлы-емханалық көмек көрсету кезінде) кіреді.

 

2016 жылғы 22 желтоқсанда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мерзімдерін өзгертуге бағытталған «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

 

Заңға сәйкес, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыстар алатын жұмыс берушілер, жеке кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, қорғаушылар, кәсіби медиаторлар, жеке тұлғалар 2017 жылғы 1 шілдеден бастап ӘМС қорына жарналар бөліп шығаруды бастайды, ал әлеуметтік осал санаттардың қатарынан тұлғалар үшін мемлекеттің жарналары 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап аударылады. МӘМС жүйесіндегі медициналық көмек көрсету үшін Қордан төлемдер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жүргізіле бастайды. Осылайша, ҚР азаматтарының және оралмандардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке құқығы 2018 жылғы 1 қаңтардан басталады.

 

Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына қол жетімді емге, сапалы медициналық көмекке, тегін және қол жетімді дәрі-дәрмектерге, құқықтар мен мүдделердің қорғалуына, өз денсаулығы туралы толық ақпарат алуға кепіл береді.

 

 ШЖҚ «Ғ. Султанов атындағыПавлодар облыстық
ауруханасы» КМК-ның
директоры
С. В. Сыздыков

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру: қанша төлейміз, қандай көмек аламыз?

 

Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне қатысты туындайтын сұрақтар көп. Бірінші кезекте, әрине, қаржылық тұрғыда: тұрғындар қанша мөлшерде жарна төлейді және ол ақшаға қандай медициналық көмек алады? Ал, ең бастысы, бүгіндері жеке клиникаларда жиі кездесетін жағдайлар, медициналық қызметтер үшін артық төлем жасалмай ма?

 

Алғашқы сақтандыру жарналарын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жұмыс берушілер жұмыскер жалақысының 1% мөлшерінде 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап төлей бастайды. 2022 жылға қарай аударым мөлшері 3%-ға өседі. Өз-өзін қамтамасыз ететін, оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен келісімшарт бойынша жұмыс істейтін адамдар да бар, азаматтардың жарналары  ай сайын 2 (ЕЖК) ең төменгі жалақы көрсеткішінің  5%-ын немесе 2884 теңгені құрайды, және бұл жарна мөлшері өспейді. Белсенді емес және нәтижесіз жұмыспен қамтылған  тұрғындардың (үй шаруашылығындағы әйелдер, такси жүргізушілер, ұсақ қосалқы шаруашылық иелері)  төлемдері  2018 жылдан бастап ай сайын 1 (ЕЖК) ең төменгі жалақы көрсеткішінің  5%-ын немесе 1414 теңгені құрайды.

 

Мемлекет 2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтары үшін орташа жалақының 3,75%  мөлшерінде жарна төлей бастайды.  МӘМС аясында ешқандай жарна төлемейтін әлеуметтік топтар көп, олар: зейнеткерлер, мүгедектер, балалар, студенттер, көп балалы аналар мен жүктілік демалысындағы әйелдер, т.б. – 10 млн.аса отандастарымыз.

 

Жалдамалы жұмыскерлер 2019 жылдан бастап ай сайын еңбекақысының 1% мөлшерінде жарна төлей бастайды, 2020 жылы жарна мөлшері 2%-ға дейін өседі.

 

Ал бұл ақшаға адамдар қандай көмек алады?

 

МӘМС сақтандыру пакетіне, мемлекет тарапынан кепілдендірілген медициналық көмек пакетінен басқа, медициналық қызметтің кең көлемді тізімі – қызмет түрлері кіреді.  Бұл – емханалардағы медициналық қызмет түрлері, дәрігер қабылдаулары, түрлі зерттеулер, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, стационарлық ем ақысы. Бұдан басқа, сақтандырылған азаматтар үшін түрлі оталар, олардың ішінде қымбат тұратыны да, қолжетімді болмақ. Бүгіндері олар екі түрлі себеппен қол жетімді бола бермейді – мемлекет есебінен кезек көп, не өз есебінен төлеуге қалта көтермейді.

 

Дегенмен, МӘМС енгізудің ең басты пайдасы – бәсекелестік  есебінен медициналық қызмет сапасын арттыру мүмкіндігі. Қарапайым логика. Науқастар көп келетін білікті дәрігерлерді тарту арқылы пациенттерге ең жақсы қызмет көрсететін клиникаларға қаражат та көп бөлінеді, яғни олар көп табыс табады.  Ал азаматтар кейбір медициналық ұйымдардың аспандаған бағаларына қисынсыз қаражат жұмсамайды. Барлық шығындарды емдеу мекемелерімен жасалған шарт бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры көтереді. Жарна төлеушілерден Қорға түскен қаражаттың мақсатты да тиімді, орнымен жұмсалуы ерекше маңызды. Сондықтан толық және сапалы медициналық қызмет көрсету бірінші кезектегі міндет болмақ.

 

Тегін медициналық көмек 2019 жылы қалай көрсетіледі?

 

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 2019 жылға мемлекеттік кепілдік аясында тегін көрсетілетін медициналық көмек түрлерін сатып алды.

 

Тегін көмек көрсететін медициналық ұйымдарды таңдау арнайы аймақтық комиссиямен жүзеге асырылды. Павлодар облыстық комиссиясына әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметкерлері, денсаулық сақтау басқармасының өкілдері, денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіподағы және пациенттердің құқықтарын қорғау бойынша қоғамдық бірлестік басшылары кіреді. Сондай-ақ, комиссия жұмысына «Атамекен» аймақтық кәсіпкерлер палатасы қызметкері қатысады.

 

Конкурстық  шаралардың нәтижесі бойынша Павлодар облысында мемлекетік тапсырыс бойынша 64 ұйым медициналық көмек көрсетеді.  2019 жылдың жалпы сомасы 37,5 млрд. теңгені құрады, оның ішінде жеке клиникаларға 4,2 млрд. теңге бөлінді. Жеке клиникаларды қаржыландыру көрсеткіші өткен жылмен салыстырғада екі есе артқан.

 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша тегін медициналық көмек көрсетуге ниет білдірген жеке клиникалардың саны 4 ұйымға артты. 2018 жылы Қормен 26 жеке клиника қызмет істесе, биыл оның саны 30-ға жетті. Тегін медициналық қызмет көрсетуге шарт жасасқан ауруханалар мен емханалардың толық тізімімен Қордың www.fms.kz сайтынан қарауға болады.

 

Қордың Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Айдар Ситказиновтың айтуынша, — «2019 жылы медициналық қызметтерді сатып алуға өткен жылмен салыстырғанда бюджеттен 5%-ға артық қаржы бөлініп, амбулаторлық-емханалық көмекті дамытуға бағытталды (жалпы тәжірибе дәрігерлерінің жүктемесін төмендетіп, емханалық және жедел жәрдем тарифін көтеруді қосқанда), учаскелік қызметкерлерге қосымша ынталандыру ақысын төлеу, жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын өсіріп, онкологиялық ауруларды емдеуге кешендік жоспар құру көзделіп отыр».

 

Халыққа тегін медициналық көмек Қазақстан Үкіметімен бекітілген кепілді тегін медициналық көмек көлемі тізіміне сәйкес көрсетіледі. Бұл қызметті Қазақстан азаматтары, оралмандар, елімізде тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады.

 

Қазақстанға уақытша келген шетелдіктерге шұғыл медициналық  көмек тегін көрсетіледі.