
Түсіндірмелер
Ашық конкурсқа қатысуға конкурс өтінімдерін дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылатын конкурс құжаттамасының ережелерін түсіндіру туралы:
Лот №1 «Лейкоцитарлық фильтрлері бар Гемакондар, «Leukotrap WB» үлгісі
Лот №2 «Лейкоцитарлық фильтр ВPF 4 BBS эритроциттерге арналған айналу магистралімен және қапшығы қосылған зертханалық түрі».
1. Конкурс құжаттамасының 11 тармағының 3 тармақшасында әлеуетті жеткізушінің конкурс өтінімі мынаны қамту қажет екендігі жазылған:
«Қызметкерлердің саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі, олардың біліктілігі туралы ақпарат, конкурс құжаттамасының 11 қосымшасына сәйкес типтік нысан бойынша жұмыстарды атқару, қызметтерді көрсету, тауарды өндіру немесе/және жеткізу үшін мамандығы бойынша еңбек өтілі;
Әлеуетті жеткізушінің осы талаптарға сай келетінің растайтын құжаттарды көрсетумен арнайы біліктілік және басқа да талаптарды қамтитын конкурс құжаттамасының 3,7,8 қосымшаларына сәйкес мемлекеттік сатып алу үдерісіне қатысу үшін біліктілік туралы мәліметтер.
Конкурс құжаттамасы типтік конкурстық құжаттамаға сәйкес әзірленгенін есепке ала отырып, жоғарыда аталған тармақтарда қосымшалар нөмірі қате берілді. Сондықтан қызметкерлердің саны туралы құжаттың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі конкурс құжаттамасының 8 тармағына сәйкес, ал біліктілік туралы мәліметтер 5 қосымшаға ұсынылу қажет. Конкурс құжаттамасының қосымшасын нөмірлеуде қателердің жібергенін мойындаймыз, бірақ осы қателер конкурсқа қатысу үшін өтініштерді ұсынуға кедергі болмайды.
2. №1 лот бойынша «Лейкоцитарлық фильтрі бар гемокондар, Leukotrap WB» үлгісінде, сатып алу екі ұйымға бір лотпен жүзеге асырылады.
Директор Қ.К. Оспанов