контакт: 8(7182)324916 ock_admin@list.ru
адрес: 140003 Павлодар қ., Естая к.,79
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев

Облыстық трансфузиологтар семинары 25.11.09ж

Дата: 2009-12-01 18:00:00

Облыстық қан орталығында ЖИТС ОО-мен және МСЭҚБ бірге облыс медициналық ұйымдарының трансфузиологтеріне қан құю қауіпсіздігі туралы семинар өтті. Облыстық қан орталығының директоры облыс медициналық ұйымдарының ҚР ДСМ 29.09.2005ж. № 492 бұйрығының талаптарын орындау бойынша тексеру нәтижелері туралы баяндаманы ұсынды, МСЭҚ маманы Сорокина И.Н. қан құю кезінде санитарлық эпидемиологиялық талаптар туралы баяндаманы ұсынды, ЖИТС ОО-ның дәрігері Ғ.Ж.Хасенова Павлодар облысындағы АИТВ-жұқпасы бойынша эпиджағдайы туралы ақпаратты ұсынды. Семинар жұмысының соңында ЖСБ алқалығына шығаруға ұсынылатын сұрақтар талқыланды. ҚР Үкіметінің 21.12.2007ж. № 1251 Қаулысының талаптарын орындау үшін «ҚР қан қызметін нығайту туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес облыс қан қызметі және емдеу ұйымдары келесіні орындау қажет:

Емдеу барысында донорлық қанның трансфузиясын қолданатын емдеу ұйымдары 01.01.2010ж. ҚР ДСМ № 492 және 658 ережелерінің барлық шарттарын ұстансын, ерекше көңілді мынаған аударсын:

- Барлық емдеу ұйымдарында қан және оның құрамбөліктерін құю кезінде пайда болатын трансфузиологиялық қиындықтар жағдайларын қарастыру жөніндегі комиссиялар құрылсын.

- қан тобы мен резус факторды анықтауға бақылауды қамтамасыз ететін цоликлондық технологияны енгізсін.

- 2010 жылдың сметасында донорлық қан құрамбөліктерін сақтау үшін арнайы тоңазытқыштарды сатып алуды қарастыру.

- Гемотрансфузиология сұрақтары бойынша құжаттаманы жүргізу және толтыру.

Денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен госпитализацияланған науқастардың барлығын гемотрансфузия алдында В және С гепатиттеріне міндетті тестілеуін жасау.