
Қан қызметін дамыту бағдарламасы
Дата: 2008-11-23 18:00:00
Павлодар облысының денсаулық сақтауды қайта құру мен дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасында аумақтың қан қызметін дамыту бөлімі бар, облыстың қан қызметі «ҚР қан қызметін нығайту шаралары туралы 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасына» сәйкес дамып келе жатыр . Осы бағдарламаға сәйкес донорлық қанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, заманауи жабдықтарды сатып алуға, жаңа донорлық қанның тұтас дозасының лейкофильтрациясы, жаңа мұздатылған плазманы карантинге қою сияқты технологияларды енгізу үшін қосымша қаражат бөлінді.