
Плазманың карантинизациясы

Плазманың карантинизациясы – плазманың белгіленген жағдайда сақталуы, белгілі кезең ішінде пайдалануға тыйым салу және оны зертханада қайта тестілегеннен кейін ғана беру.
Карантинизация мақсаты – донорлық плазманың жұқпа қауіпсіздігін жоғарылату, яғни
- t=-30С және болжамды серонегативті кезең ішінде мұздатылған түрде ұстау (3 айдан 6 айға дейін);
- карантинизация кезінде немесе мерзімінен кейін қайта зерттеу нәтижесінде ақаулы болып табылған плазманы алып тастау. 2007 жылғы 6 айы ішінде облыстық қан орталығында жаңа мұздатылған плазманың 180,4л (18,4%) карантинизацияға қойылды.
Өсу нәтижесімен 01.09.08ж. ЖМП 560,6 л.карантинизацияға қойылды, берілген көлемі 212,9 л – 41,5 %. Карантинизацияға қойылған плазманың берілген көлемі 20 %, республика бойынша орта көрсеткіш–19%. Карантинизацияланған және фильтрден өткен қанмен бірінші қатарда перзентханалар мен бала мекемелері және онкогематологиялық науқастар қамтамасыз етіледі.