
Донор болуға ниет білдіргендерге арналған ақпарат
Қан және оның құрамдас бөліктерінің доноры міндетті түрде тегін медициналық тексеруді өткен, қарсы көрсеткіштері жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрамдас бөліктерін тапсыру үшін еркін ниет білдірген 18 жастағы әрбір сау адам бола алады.
Донор Қан орталығының тіркеу бөліміне алғаш рет үнделген кезде донор сауалнамасын дербес немесе тіркеушінің қатысуымен толтырады, медициналық тіркеуші донор деректерін донорлар туралы және донорлыққа жатпайтын тұлғалар туралы электронды дерек қормен салыстырады, осыдан кейін донордың электронды картасының паспорттық бөлігін толтырады, бұл жерде донор туралы ақпаратты тексеру туралы белгі қояды.
Донор әр қан тапсырар алдында алдын ала қанның иммуногематологиялық зерттемесі (қан тобын, резусты анықтау, Kell), гемоглабин деңгейін белгілеу (гематокрит), тұрақты тапсыратын донорлар үшін (қанның клиникалық талдамасы, қанның биохимиялық талдамасы) жүргізіледі, терапевт дәрігермен немесе трансфузиолог дәрігермен тексеріледі.
ҚАЖЕТТІ ШАРТТАР
Қан орталығына келгеннен кейін жеке тұлғаны куәландыратын құжат немесе әскери қызметшілер үшін әкери билет болуы қажет. Донордың дене салмағы 50 кг кем болмауы керек.
ҚАН ДОНОРЛЫҒЫНА ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІНЕ ҚАРСЫ КӨРСЕТКІШТЕР
Барлық адамдар донор бола алмайды, сондықтан Қан орталығына барлық келетіндер ең алдымен медициналық тексеруді өтеді. Бұл донор мен қан құйылатын науқастың денсаулығын қорғауменен айтылған. Донорлыққа:
· Туберкулез, ЖҚТБ, мерез, гепатит ауруларымен ауыратын науқастарды;
· Масс күйіндегі тұлғаларды, созылмалы алкоголиктерді, есірткі тұтынушыларды;
· Жүкті әйелдерді, сондай-ақ емізетін аналарды алмайды.
· Қан тапсырған донорлар осыны тек 2 айдан кейін ғана істей алады.
· ДОНОР БОЛУ – ИГІ ІС ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ!
· Ғылыми зерттеулер және тәжірибелік қадағалаулар арқасында 500 мл дозасына дейін қан тапсыру мүлде зиянсыз және адам денсаулығы үшін қауіпсіз екендігі дәлелденді. Сондықтан 450 мл дозасы физиологиялық болып табылады. Адамның ағзасында орташа алғанда 5 литр қан бар, яғни оның дене салмағынан 7%. Қан беру дозасы – 450 мл донор денсаулығы үшін мүлде зиянсыз және қауіпсіз.Ол қанның көп сұйық бөлігін – плазманы жоғалтады, ол 18-20 сағат ішінде қалпына келтіріледі. Қан қызметі мамандарының бақылаумен жүзеге асырылатын донорлық зиянсыз. Бұл кезде донорларды жақсы хал-жайы, көңіл-күйі және еңбекке қабілеттілігі сақталады.
· ҚАН ТАПСЫРУҒА ҚАЛАЙ ДАЙЫНДАЛУ КЕРЕК. ДОНОРҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫМДАР
· Қан тапсырар алдында және таңертең майлы, еттен жасалған және сүт тағамдарын қабылдауға болмайды.
· Жұмыстан кейін түнгі уақытта қан тапсыруға болмайды.
· Қан тапсыру алдында маңызды физикалық белсенділіктен аулақ болу керек.
· Қан тапсырғанға дейін 3 сағат бұрын темекі шегуден және 48 сағат бұрын ішімдіктен бас тартыңыз.
· Тәтті шай, шырын, газдалған сусындармен бірге нан-тоқаш өндімдерімен жеңіл таңертеңгі ас қажет.
· ҚАН ТАПСЫРУ ПРОЦЕДУРАСЫН ҚАЛАЙ ӨТУ КЕРЕК
Донор Қан орталығына келген кезде өзінің денсаулығы және өмір салты туралы сауалнаманы толтырады. Содан кейін донорға трансфузиолог дәрігер немесе терапевт дәрігер медициналық тексеру және оның саусағынан қан ала отырып, зертханалық зерттеу (гемоглабин саны және қан тобы) жүргізіледі. Егер нәтижелері бойынша қарсы көрсеткіштер анықталмаса, донор қан тапсыруға, плазма тапсыруға жіберіледі.
Донорға қан тапсыру алдында ыстық тәтті шай печеньемен немесе тоқашпен ұсынылады. Жаңа алынған қанды тапсыру кезінде донордың тамырынан 450 мл алады. Процедура 10-15 минут алады.
Белгілі бір жағдайларда жаңа алынған қанды емес, плазманы немесе тромбоциттерді жинау технологиясы бар:
Аурушаңдық кезінде реципиентке донорлық қанның белгілі бір құрамдас бөліктерін құю талап етіледі. Бұл жағдайларда процедура донорда көп уақыт алады: тромбоциттерді тапсыру – 1,5 сағатқа дейін, плазма – шамамен 40 минут. Донорға плазмаферезді немесе тромбоцитоферезді тапсыру туралы шешімді трансфузиолог дәрігер жеке дербес тәртіпте шешеді.
Сонымен, донор Қан орталығында орташа алғанда 30 минуттан 1,5 сағатқа дейін болады!
· ҚАН ТАПСЫРҒАННАН КЕЙІН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
· 10-15 минут ішінде отыру керек. Егер де Сіздің басыңыз айналса немесе әлсіздік болса, онда қызметкерлерге үнделіңіз;
· 30-60 минут ішінде темекі шегуден бас тартыңыз;
· Тәулік бойы сұйықтықтың үлкен санын (3 литр) қолданыңыз;
· 3-4 сағат бойы таңуды шешпеңіз;
· 12 сағат бойы физикалық жүктемеге тап болмауға тырысыңыз;
· Автомбильді басқарудан бас тартыңыз, абайлаңыз;
· Тәулік бой ішімдікен бас тартыңыз;
· Қан тапсырғаннан кейін екпе алуға 10 тәуліктен кейін ғана рұқсат беріледі;
· ҚАН ДОНОРЛАРЫНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҒЫ
· Тегін медициналық тексеру және денсаулық жағдайы туралы анықтама беру (АИТВ, В,С гепатиттеріне, мерезге талдау, аланинаминотрансфераз және гемоглобин деңгейі, қан тобы және резус- фактор).
· Донация алдында ыстық шай.
· Донациядан кейін ыстық тамаққа ақшалай өтемақы- - 0,25 АЕК.
· Қан және оның құрамдас бөліктерін тапсыру күні – орташа жалақы сақтала отырып, жұмыстан босату немесе орташа айлық жалақы сақтала отырып, басқа демалыс күні ұсынылады, немесе бұл күн жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
· Донор болып саналатын әскери қызметкер қан және оның құрамдас бөліктерін (донация) тапсырған күні нарядты, вахтаны және қызметтің басқа түрлерін атқарудан босатылады. Донор болып саналатын студенттер, оқитындар оқу-тәрбелік процестен босатылады.
Сіздерді мына мекенжай бойынша күтеміз: Павлодар қаласы, Естай көшесі, 79 маршрутты автобустарда аялдама«Центральный рынок», трамваймен Естай аялдамасына дейін.
Қан орталығының жұмыс кестесі сағат 08-30-дан 17-00-ге дейін.
Донорларды қабылдау сағат 08-30-дан 13-00-ге дейін
Сенбі, жексенбі — демалыс күндері.
Анықтама мен консультациялар – донорларды жинақтау бөлімшесінде
32-48-32 — тіркеу бөлімі,
65-12-43 — донорларды жинақтау бөлімшесінің меңгерушісі.