
павлодар облыстық қан орталығының қызметкерлеріне арналған семинар (қан қызметіндегі жаңа нормативтік құжаттар)
Дата: 2015-11-12 04:37:22

Павлодар облыстық қан орталығында 2015 жылғы 10 қарашада қызметкерлерге арналған ҚР ӘДДСМ 2009 жылғы 10 қарашадағы «Донорлық қанның және оның компоненттерінің сапасын бақылау ережесін бекіту туралы», 2009 жылғы 10 қарашадағы «Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы», 2009 жылғы 6 қарашадағы «Қанды, оның компоненттерін дайындау, өңдеу, сақтау, өткізу номенклатурасын сондай-ақ, қанды, оның компоненттері мен препараттарын сақтау, құю ережелерін бекіту туралы» № 666 бұйрықтары енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен 2015 жылғы 29 мамырдағы № 417 жаңа бұйрығының шығуына байланысты семинар өткізілді.
31 қызметкер қатысты.
Семинарды өткізгендер: донорларды жинақтау бөлімінің меңгерушісі – С.Б. Сыздықова, қанды тестілеу бөлімінің меңшерушісі – Т.В. Мулявко, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің меңгерушісі Д.Г. Садвақасаова, сапаны бақылау бөлімінің меңгерушісі - М.А. Үтегенова.
Осы бұйрық медицина ұйымдарына танысу және жұмыста қолдану үшін жіберілді